https://sputnik.kz/20220804/aqtau-politsey-pyshaq-zharaqaty-26515294.html
Ақтауда полицей пышақ жарақатынан көз жұмды
Ақтауда полицей пышақ жарақатынан көз жұмды
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 4 тамыз – Sputnik. Тамыздың 3-іне қараған түні Ақтаудағы 17-шағын ауданда полиция қызметкерін пышақтап кетті. Ол ауруханаға түсіп, сол жерде көз... 04.08.2022, Sputnik Қазақстан
2022-08-04T07:56+0500
2022-08-04T07:56+0500
2023-08-10T16:53+0500
ақтау
https://sputnik.kz/img/1260/24/12602497_0:0:2000:1125_1920x0_80_0_0_0a268058198359dd91d78291fbb5a5ee.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 4 тамыз – Sputnik. Тамыздың 3-іне қараған түні Ақтаудағы 17-шағын ауданда полиция қызметкерін пышақтап кетті. Ол ауруханаға түсіп, сол жерде көз жұмды, деп жазды Lada.kz.Маңғыстау облысының полиция департаменті марқұмның шынымен де полицей екенін растады."Сағат 03:50-де кезекші бөлімге мойын тұсынан пышақ жарақатын алған 26 жастағы жігітті жедел жәрдем көлігі 17-ші шағын аудандағы бір үйдің ауласынан Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізгені туралы ақпарат түсті. Ол есін жимастан жансақтау бөлімінде қайтыс болды", - деп хабарлады полиция.Марқұм еңбек демалысында жүрген полиция қызметкері екені анықталды. Жедел іздестіру шаралары барысында 27 жастағы күдікті анықталып, ұсталды. Кісі өлтіруге не себеп болғаны айтылмады.Аталған факті Қазақстан Қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөлігі (Адам өлтіру) бойынша Ақтау полиция басқармасында сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Сот-медициналық сараптама тағайындалды, тергеу жүріп жатыр.
ақтау
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1260/24/12602497_220:0:2000:1335_1920x0_80_0_0_cbec73865a3ccb4d8a626aec36d0de81.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ақтау
Ақтауда полицей пышақ жарақатынан көз жұмды
07:56 04.08.2022 (жаңартылды: 16:53 10.08.2023) НҰР-СҰЛТАН, 4 тамыз – Sputnik. Тамыздың 3-іне қараған түні Ақтаудағы 17-шағын ауданда полиция қызметкерін пышақтап кетті. Ол ауруханаға түсіп, сол жерде көз жұмды, деп жазды
Lada.kz. Маңғыстау облысының полиция департаменті марқұмның шынымен де полицей екенін растады.
"Сағат 03:50-де кезекші бөлімге мойын тұсынан пышақ жарақатын алған 26 жастағы жігітті жедел жәрдем көлігі 17-ші шағын аудандағы бір үйдің ауласынан Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізгені туралы ақпарат түсті. Ол есін жимастан жансақтау бөлімінде қайтыс болды", - деп хабарлады полиция.
Марқұм еңбек демалысында жүрген полиция қызметкері екені анықталды. Жедел іздестіру шаралары барысында 27 жастағы күдікті анықталып, ұсталды. Кісі өлтіруге не себеп болғаны айтылмады.
Аталған факті Қазақстан Қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөлігі (Адам өлтіру) бойынша Ақтау полиция басқармасында сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Сот-медициналық сараптама тағайындалды, тергеу жүріп жатыр.