Мәдениет

Қазақстанда Алаш қайраткерлеріне бірнеше ескерткіш қойылады

© Мәдениет және спорт министрлігі"Алаш" қозғалысының көшбасшылары мен көрнекті қайраткерлерге ескерткіштер орнатылады
Алаш қозғалысының көшбасшылары мен көрнекті қайраткерлерге ескерткіштер орнатылады - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.08.2022
Жазылу
Қостанай облысының Торғай ауылында Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатұлына ескерткіш тұрғызылады
НҰР-СҰЛТАН, 4 тамыз – Sputnik. Қазақстанның екі өңірінде "Алаш" қозғалысының көшбасшылары мен көрнекті қайраткерлерге ескерткіштер орнатылады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ресми мәліметке сәйкес, Қостанай облысының Торғай ауылында Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатұлына ескерткіш тұрғызылады. Бұдан бөлек, Алматы қаласында Ахмет Байтұрсынұлына ескерткіш және Жұмат Шанинге бюст орнатылады.
Монументтік өнер құрылыстарын орнату жөніндегі комиссия республикалық конкурстың қорытындысы бойынша жобалау жұмыстарын мақұлдады. Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаевтың айтуынша, комиссия тобы мүсіндердің жұмсақ материалдан жасалған толық көлемдегі нұсқасын жан-жақты қарастырады.
Сондай-ақ, комиссия мүшелері Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Түркістан және Ұлытау облыстары әкімдіктерінің идеялық ұсыныстарын бірауыздан қолдады.
Аталған өңірлерде Қазақстанның Халық жазушысы Шерхан Мұртазаға, ақын, мемлекет және қоғам қайраткері Кәкімбек Салықовқа, Нияз батыр Сайдалы Барқыұлына, ІІ Дүниежүзілік соғыс және еңбек ардагері Жақсыбек Оңшыбаевқа және түрік саясаткері, мемлекет қайраткері Аднан Мендерске арналған ескерткіштерді жобалау жоспарланған.
Жаңалықтар
0