https://sputnik.kz/20220803/zhana-oqu-zhyly-nur-sultan-mektep-26501694.html
Жаңа оқу жылында Нұр-Сұлтанда алты мың орынды екі мектеп ашылады
Жаңа оқу жылында Нұр-Сұлтанда алты мың орынды екі мектеп ашылады
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 3 тамыз – Sputnik. Биылғы жылы елордада 23 мыңнан астам оқу орны ашылады деп жоспарланып отыр. Бұл туралы Sputnik Қазақстанға Нұр-Сұлтан қалалық... 03.08.2022, Sputnik Қазақстан
2022-08-03T12:28+0500
2022-08-03T12:28+0500
2022-08-03T12:28+0500
білім
елорда
мектеп
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/1d/15893670_0:147:3119:1901_1920x0_80_0_0_824b1482ed35adf3ef5c90dc75686871.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 3 тамыз – Sputnik. Биылғы жылы елордада 23 мыңнан астам оқу орны ашылады деп жоспарланып отыр. Бұл туралы Sputnik Қазақстанға Нұр-Сұлтан қалалық білім басқармасы айтты. Мысалы, 6 мың орынды екі мектеп жаңа оқу жылында есігін айқара ашпақ. Бұл – Е51, Е69, Е70 көшелерінде ("Зам-Зам" тұрғын үй кешені, International School Of Nur-Sultan City) және Е-22, Тұран даңғылы аумағындағы мектептер. Білім ошақтары екі ауысымды деп жоспарланған. Басқарма мәліметінше, білім ғимараттары қаланың барлық ауданында салынып жатыр. Мысалы, адам көп шоғырланған Есіл ауданында екі жыл ішінде 12 мектеп салынса, Алматы ауданында – жеті, Байқоңырда – төрт, Сарыарқада – екі. Айта кетейік, Сарыарқа ауданындағы 65 мектепте инклюзивті білім беріледі. Бұл жерде есту және тірек-қимыл жүйесі бұзылған балалар оқиды. Қаланың білім басқармасының айтуынша, оқушылар саны (3 мыңнан аса оқушы) білім ғимаратының сыйымдылығынан асып түседі. Оқу орнын арттыру үшін жаңа корпус құрылысы жүргізілуде. Бұл оқытудың екі ауысымға ауысып, тағы 1 200 орын құруға мүмкіндік береді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/1d/15893670_194:0:2925:2048_1920x0_80_0_0_cbce2c326ed78fd631e3076c01659522.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
елорда, мектеп
Жаңа оқу жылында Нұр-Сұлтанда алты мың орынды екі мектеп ашылады
НҰР-СҰЛТАН, 3 тамыз – Sputnik. Биылғы жылы елордада 23 мыңнан астам оқу орны ашылады деп жоспарланып отыр. Бұл туралы
Sputnik Қазақстанға Нұр-Сұлтан қалалық білім басқармасы айтты.
Мысалы, 6 мың орынды екі мектеп жаңа оқу жылында есігін айқара ашпақ. Бұл – Е51, Е69, Е70 көшелерінде ("Зам-Зам" тұрғын үй кешені, International School Of Nur-Sultan City) және Е-22, Тұран даңғылы аумағындағы мектептер. Білім ошақтары екі ауысымды деп жоспарланған.
"Жалпы үш жыл ішінде 34 мектеп салынып, бұл жаңа 70 мың оқу орнын ашуға мүмкіндік берді. Тағы да 11 мектептің құрылысы жүргізілуде" – деп хабарлады қаланың білім басқармасының баспасөз қызметі.
Басқарма мәліметінше, білім ғимараттары қаланың барлық ауданында салынып жатыр. Мысалы, адам көп шоғырланған Есіл ауданында екі жыл ішінде 12 мектеп салынса, Алматы ауданында – жеті, Байқоңырда – төрт, Сарыарқада – екі.
Айта кетейік, Сарыарқа ауданындағы 65 мектепте инклюзивті білім беріледі. Бұл жерде есту және тірек-қимыл жүйесі бұзылған балалар оқиды. Қаланың білім басқармасының айтуынша, оқушылар саны (3 мыңнан аса оқушы) білім ғимаратының сыйымдылығынан асып түседі.
Оқу орнын арттыру үшін жаңа корпус құрылысы жүргізілуде. Бұл оқытудың екі ауысымға ауысып, тағы 1 200 орын құруға мүмкіндік береді.