Ыстықкөлден қайтып келе жатқан екі қазақстандық жол апатынан көз жұмды

© Sputnik / Э. Вильчинский / Медиабанкке өтуЫстықкөл
Ыстықкөл - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.08.2022
Жазылу
Бұған дейін екі көлік соқтығысты деген болжам айтылған болатын
НҰР-СҰЛТАН, 3 тамыз - Sputnik. Ыстықкөлде қазақстандықтар жол апатына түсіп, екі адам қаза болды, деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан.
Апат бір күн бұрын Шырпықты және Тору-айғыр ауылдары арасында болған. Екі адам оқиға орнында жан тапсырды, екеуі ауруханаға жеткізілді.
Қырғызстан полициясының мәліметінше, қаза тапқандардың Қара-балтада туыстары болған. Олар бірге үш көлікпен Ыстықкөлге демалуға барған. Қайтып келе жатқанда жолдың ортасында Opel көлігінің дөңгелегі жарылған. Жүргізуші рөлге ие бола алмай қалған.
Куәгерлердің айтуынша, көлік аударылып, жолдан шығып кеткен. Ішінде жеті адам болған.
Бұған дейін екі көлік соқтығысты деген болжам айтылған болатын.
Жаңалықтар
0