https://sputnik.kz/20220803/qyrgyzstanda-uqshu-kushterinin-oqu-zhattyguy-otip-zhatyr-26507804.html
Қырғызстанда ҰҚШҰ күштерінің оқу-жаттығуы өтіп жатыр
Қырғызстанда ҰҚШҰ күштерінің оқу-жаттығуы өтіп жатыр
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 3 тамыз – Sputnik. Сәрсенбі күні Қырғызстанның Ыстықкөл облысында Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымына (ҰҚШҰ) мүше мемлекеттердің арнайы жасақтары... 03.08.2022, Sputnik Қазақстан
2022-08-03T21:52+0500
2022-08-03T21:52+0500
2022-08-03T21:52+0500
ұқшұ
оқу-жаттығулар
https://sputnik.kz/img/07e5/09/09/18094921_0:80:3359:1969_1920x0_80_0_0_e7dee319faea4bf8c706ac7c8f45d54f.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 3 тамыз – Sputnik. Сәрсенбі күні Қырғызстанның Ыстықкөл облысында Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымына (ҰҚШҰ) мүше мемлекеттердің арнайы жасақтары "Кобальт-2022" тактикалық оқу-жаттығуын бастады.ҰҚШҰ баспасөз қызметінің хабарлауынша, ҰҚШҰ мемлекеттерінің арнайы жасақтары бандалар мен лаңкестік топтарды іздеу, оқшаулау және бейтараптандыру бойынша оқу-жаттығу өткізіп, қолданбалы жедел-жауынгерлік тапсырмаларды орындайды.Сонымен қатар оқу-жаттығу барысында олар есірткі арналарын жабады, есірткі заттарын сақтау мен өндіруге және оларды жоюға арналған қоймаларды, зертханаларды табады.Ал төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелері лаңкестікке қарсы операция кезінде туындаған зардаптарды жою міндеттерін пысықтайды.Арнайы операцияларды жоспарлау, әркелкі күштер мен құралдардың өзара іс-қимылын ұйымдастыру бойынша командалық-штабтық оқу-жаттығу өткізу жоспарланып отыр."Кобальт – 2022" оқу-жаттығуы 5 тамызға дейін жалғасады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/09/09/18094921_314:0:3045:2048_1920x0_80_0_0_25a87a8527191e5aa8c4a6f7fd4dff65.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ұқшұ, оқу-жаттығулар
НҰР-СҰЛТАН, 3 тамыз – Sputnik. Сәрсенбі күні Қырғызстанның Ыстықкөл облысында Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымына (ҰҚШҰ) мүше мемлекеттердің арнайы жасақтары "Кобальт-2022" тактикалық оқу-жаттығуын бастады.
ҰҚШҰ баспасөз қызметінің хабарлауынша, ҰҚШҰ мемлекеттерінің арнайы жасақтары бандалар мен лаңкестік топтарды іздеу, оқшаулау және бейтараптандыру бойынша оқу-жаттығу өткізіп, қолданбалы жедел-жауынгерлік тапсырмаларды орындайды.
Сонымен қатар оқу-жаттығу барысында олар есірткі арналарын жабады, есірткі заттарын сақтау мен өндіруге және оларды жоюға арналған қоймаларды, зертханаларды табады.
Ал төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелері лаңкестікке қарсы операция кезінде туындаған зардаптарды жою міндеттерін пысықтайды.
Арнайы операцияларды жоспарлау, әркелкі күштер мен құралдардың өзара іс-қимылын ұйымдастыру бойынша командалық-штабтық оқу-жаттығу өткізу жоспарланып отыр.
"Кобальт – 2022" оқу-жаттығуы 5 тамызға дейін жалғасады.