https://sputnik.kz/20220803/qazaqstan-aes-ministrlik-26507427.html
Қазақстанда екінші АЭС салынуы мүмкін бе – министрлік жауап берді
Қазақстанда екінші АЭС салынуы мүмкін бе – министрлік жауап берді
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 3 тамыз – Sputnik. Қазақстанда екінші атом электр станциясы Курчатов қаласына жақын маңда, Ертіс өзені бойында алдағы 10 жылда салынуы мүмкін. Бұл... 03.08.2022, Sputnik Қазақстан
2022-08-03T15:30+0500
2022-08-03T15:30+0500
2022-08-03T15:30+0500
атом электр станциясы
https://sputnik.kz/img/07e6/06/02/25239674_0:133:1280:853_1920x0_80_0_0_c45411eeba34812e4e1e0365b5d184f5.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 3 тамыз – Sputnik. Қазақстанда екінші атом электр станциясы Курчатов қаласына жақын маңда, Ертіс өзені бойында алдағы 10 жылда салынуы мүмкін. Бұл туралы орталық коммуникациялар алаңында өткен баспасөз мәслихатында энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов айтты.Оның айтуынша, құрылысты жүргізуге Балқаш көлі және Ертіс өзені қолайлы алаң саналады.Оған қоса Балқаштың Үлкен ауылында Қазақстандағы алғашқы АЭС-ті салу жоспарланған."Егер Қазақстан көміртек бейтараптығына апаратын жолды таңдаса, онда бірнеше атом станциясын салудан басқа жол жоқ. Ертіс – перспективалы алаң. Бірінші АЭС құрылысы басталып, сәтті іске қосылған жағдайда: "Қазақстанда қанша атом электр станциясы болады?" деген екінші сұрақ туындайды. Екінші АЭС Ертіс бойында, Курчатов қаласы аумағында пайда болуы әбден мүмкін", – деді энергетика вице-министрі.Бұған дейін энергетика министрі Болат Ақшолақов Қазақстан жыл соңына дейін бірінші АЭС салудың технологиясына қатысты шешім қабылдайтынын айтқан болатын.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/06/02/25239674_117:0:1254:853_1920x0_80_0_0_e0fbd2098944aa23ab00e8b6cf1dbc80.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
атом электр станциясы
Қазақстанда екінші АЭС салынуы мүмкін бе – министрлік жауап берді
НҰР-СҰЛТАН, 3 тамыз – Sputnik. Қазақстанда екінші атом электр станциясы Курчатов қаласына жақын маңда, Ертіс өзені бойында алдағы 10 жылда салынуы мүмкін. Бұл туралы орталық коммуникациялар алаңында өткен баспасөз мәслихатында энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов айтты.
Оның айтуынша, құрылысты жүргізуге Балқаш көлі және Ертіс өзені қолайлы алаң саналады.
Оған қоса Балқаштың Үлкен ауылында Қазақстандағы алғашқы АЭС-ті салу жоспарланған.
"Егер Қазақстан көміртек бейтараптығына апаратын жолды таңдаса, онда бірнеше атом станциясын салудан басқа жол жоқ. Ертіс – перспективалы алаң. Бірінші АЭС құрылысы басталып, сәтті іске қосылған жағдайда: "Қазақстанда қанша атом электр станциясы болады?" деген екінші сұрақ туындайды. Екінші АЭС Ертіс бойында, Курчатов қаласы аумағында пайда болуы әбден мүмкін", – деді энергетика вице-министрі.
Бұған дейін энергетика министрі Болат Ақшолақов Қазақстан жыл соңына дейін бірінші АЭС салудың технологиясына қатысты шешім қабылдайтынын айтқан болатын.