Қапшағайда суға батып бара жатқан үш қыз құтқарылды

© Sputnik / Серикжан КовланбаевҚапшағай көлі
Қапшағай көлі - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.08.2022
Жазылу
Жақында әлеуметтік желіде Александр Ананьевтің ерлігі туралы ақпарат тарады
ТАЛДЫҚОРГАН, 3 тамыз – Sputnik. Қапшағайда 53 жастағы ер адам суға батып бара жатқан үш қызды құтқарып қалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Ер адам балалары және немерелерімен Қапшағай су қоймасына демалуға барған. Ол судың терең жағына дейін жүзіп барған.
Суға шомылып жүрген жерінен 50 метр қашықтықтан көмек сұраған дауыстар естіледі. Үрленген баллонда отырған бала жылап, көмекке шақырған екен. Балаға дейін жүзіп барған Александр оның жанында үш қыздың суға батып бара жатқанын көрген.
Александрдың айтуынша, үш қыздың екеуі әлі де өмір үшін күресіп, су бетіне шығуға ұмтылса, үшіншісі су түбіне кетіп қалған. Қыздар оған қорыққанынан жабысып, төменге кеткен құрбысын құтқаруға мүмкіндік бермеді.
"Екеуін ұстап тұрып, олар үшін өмірге деген күрестің соңғы үміті екенімді түсінемін. Үшінші қыз болса су ағынына ілесіп, демалмайды. Осы кезде оны құтқарып қалуға ары кетсе бес секунд уақыт бар екенін түсіндім. Сәл кешіксем су түбінен оны іздеп таба алмайтын едім", – деді Александр.
Ол су астынан қыздың қолынан ұстап үлгерді. Осылайша үш қызды жағаға алып шықты. Су түбіне кеткен қыз жасанды тыныс алу жаттығуларын жасағаннан кейін есін жиды. Үшеуі де есеңгіреп қалған.
Алматы облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі суға батып бара жатқан үш қыздың құтқарылғаны туралы әлеуметтік желі арқылы білгенін жеткізді.
"Аталған факті тіркелмеген. Бізге бұл оқиғаға қатысты ешқандай ақпарат келіп түспеді. Әлеуметтік желідегі жаңалықтардан көріп, ақпаратты тексергеннен кейін батырды ведомстволық марапатқа ұсынуға шешім қабылдадық", - деп хабарлады ведомство.
Жаңалықтар
0