https://sputnik.kz/20220803/pelosidin-tayvanga-sapary-aqsh-alemge-neni-angartty-26522109.html
Пелосидің Тайваньға сапары: АҚШ әлемге нені аңғартты?
Пелосидің Тайваньға сапары: АҚШ әлемге нені аңғартты?
Sputnik Қазақстан
АҚШ конгресінің спикері Нэнси Пелосидің Тайвань бұғазына сапары ондаған әскери ұшақтың әуеге көтеріліп, төрт авиа тасымалдаушыны орнынан қозғалуына және... 03.08.2022, Sputnik Қазақстан
2022-08-03T17:10+0500
2022-08-03T17:10+0500
2022-08-04T11:59+0500
ақш
https://sputnik.kz/img/07e6/08/03/26512826_0:0:3071:1728_1920x0_80_0_0_922e3df7188b8258670f012da313f93f.jpg
АҚШ конгресінің спикері Нэнси Пелосидің Тайвань бұғазына сапары ондаған әскери ұшақтың әуеге көтеріліп, төрт авиа тасымалдаушыны орнынан қозғалуына және мыңдаған сарбаз бен теңізшіні дабыл бойынша аяғынан тік тұруына себеп болды, деп жазды РИА Новости.Нэнси Пелосидің Тайваньға сапарын Бейжің о бастан-ақ өткір сынға алды. ҚХР билігі арал елдің бір бөлігі болып саналатын және басқа мемлекеттердің ресми тұлғаларының сапарын өз бетінше ұйымдастыра алмайтын "біртұтас Қытай" атты өз саясатына құрметпен қарауды талап етті.Ал Пелоси қайткен күнде де Тайваньға аттанатынын, Си Цзиньпин осыған қатысты бұйрық бере алмайтынын айтса, Джо Байден бұл идеяны сынауға құлық танытпады. Ол тіпті конгресс спикеріне Тайваньға сапар шегуге қатаң түрде тыйым салған жоқ. Пелоси заңнамалық, ал Байден атқарушылық билікке жауап беретінін ескергенмен, Джо Байдан демократтар атынан елді басқарып тұрған президент. Ол парртиядағы ең маңызды тұлға ретінде Пелосиге жаһандық арандатушылыққа бармауға тыйым сала алар еді.Осылайша сейсенбі күні Пелоси мінген үкіметке тиесілі боинг Куала-Лумпурден оңтүстікке қарай бет алды. Ұшақтардың бағдарын бақылайтын сайт арқылы екі жүз мыңнан астам адам осы әуе көлігінің ұшуын қадағалап отырды. Пелосидің сапары туралы барлық ақпарат агенттігі жазып жатты. Әлемдік қауымдастықтың алаңдаушылығы артты. Қытай мен америкалық авиатасымалдағыштар Тайваньға қарай бет алды. Әскери аэродромдардан жойғыш ұшақтар ұшып шықты. Тайвань бұғазында Қытай әскери-теңіз күштері оқу-жаттығу өткізуге кірісті.Пелосидің сапарын сынға алғандар АҚШ-тан да табылды. Мысалы, танымал журналист Томас Фридман The New York Times басылымында Нэнси Пелосиге арнап мақала жазып, оның соңында спикерден Тайваньға бармауды сұраған. Ол Пелосидің бұл сапарға аттанбауын Орталық барлау қызметінің директорынан бастап Штаб басшыларының біріккен комитеті басшысына дейін өтінгенін жазды. Оның пікірінше, қазір мұндай қадам әлемге үшінші дүниежүзілік соғыс қаупін төндіріп тұр.Фридман Қытайды жаулап алуды кейінге қалдыруды, Украинадағы әскери іс-қимыл әлі аяқталмағанын, ал АҚШ екі тарапқа қолдау көрсете алмайтынын алға тартқан. Оның ойынша, қазір Тайваньға қару-жарақпен қолдау көрсетіп, оның Қытайға қарсылық таныта алатында қауқарға қол жеткізуіне ықпал ету қажет."Зейнетке шығуына аз қалған Пелосидің Тайбэйге сапары америкалық империяның үстемдік етуге деген құлшынысын анық аңғартқаны жасырын емес. Өзінің үстемдігін басқаша қалай көрсетуге болар еді? Мысалы, қарызға белшесінен батпай, дәулетті күй кешіп, әлемге үлгі болуға болар еді. Бірақ, америкалықтар басқа жолды таңдап отыр. Қазіргі Америкада кедейлік пен қылмыс өршіп тұрса да, ол әлемдік аренада үшінші дүниежүзілік соғыс қаупін тудыратын арандатушылықтарға барып отыр", - деп жазды мақала авторы.Америкалық конгресс спикерінің бұл әрекеті нені аңғартты? Біріншіден, АҚШ-тың ядролық державасын кім басқарып отырғаны белгісіз. Ел президенті де, жоғары шенді әскерилер де Пелосиге үкіметтік ұшақпен қалаған еліне аттануға тыйым сала алмады.Екіншіден, Америкадағы жағдайдың шиеленіскені соншалық, олар қақтығыс табалдырығында тұрған кез келген аймақта арандатушылық әрекетке баруға дайын. Өйткені, жаһандық соғыс сыртқа шығарылған іштегі дүрбелеңді елемеуге ықпал етеді. Бұл Украинаға да, Қытайға да қатысты. Жалпы АҚШ Тайваньның ғана емес, сондай-ақ Тибеттің де ҚХР аумағына кіретінін мойындамай отыр.Үшіншіден, Вашингтон тайваньдықтардың көзқарасымен санасып отырған жоқ. Бүкіл әлем демін ішіне тартып, ақыры не болады деп күткен осы санаулы күнде Тайвань президенті ләм-мим деп пікір білдірмеді. Олар соғыс басталып кете ме деп қатты қауіптенді. Есесіне, енді олар қытай әскери кемелерінің оқ атуы мен зымырандардың ұшырылған дауысын сетіп ұйықтауға мәжбүр."Тайвань тұрғындарының басым бөлігі Пелосидің бұғазға сапарын құптаған жоқ. Олар тіпті осыны талап ету мақсатында қарсылық акциясына шығуға тырысып көрді. Олар соғысуды да көксеп отырған жоқ. Себебі Қытаймен бизнес қарым-қатынас жақсы дамыған", - деп жазды автор.Төртіншіден, Вашингтонның Еуропадағы одақтастарына алдағы шиеленіске дайын болу керек. Ресейге қарсы санкциялар бұл шиеленістен әлдеқайда жеңіл болғаны жақын уақытта анықталады. Бір қарағанда, Тайвань мен Еуроодақтың не байланысы бар деген ой келуі мүмкін. Бірақ, соңғы уақытта АҚШ барлық іс-әрекетін Еуропа арқылы жүзеге асырып жатыр. "Жасыл экономикаға көшу", Украинада Ресейге қарсы соғыс, антиресейлік санкциялар осының дәлелі. Сондықтан жақын уақытта ҚХР-ға қарсылық таныту да еуропалықтардың есебінен орындалуы ықтимал. Оларды Қытайға қарсы ауқымды санкциялар енгізуге мәжбүрлеп, бұл анығында Еуропаның өз экономикасын құлдыратуға алып келеді.Бүгінде Қытай Еуроодақтың басты сауда серіктесі. Ресей бұл тізімде небәрі бесінші орында тұр. Егер Мәскеумен сауданы тоқтату еуропалықтардың 90-шы жылдардағы дағдарысқа қайта оралуға мәжбүрлесе, онда Қытаймен сауда байланысын үзудің салдары орасан зор болатыны түсінікті. Оның үстіне, АҚШ Қытаймен тікелей толыққанды қарсылыққа бармайды. Себебі, бұл америкалықтар үшін үлкен шығын тудырады. Ал бұл іс-қимылға Еуропаны жұмылдыру Ескі Әлемнің тоқырап, Вашингтон талаптарымен келісетін жағдайға жетуіне тікеле әсер етер еді.Пелосидің арандатушылық әрекетіне қарамастан, Қытай билігі өзінің салмақтылығын, әр іс-қимылды ақыл таразысына салып барып орындайтынын дәлелдеді. Себебі, Қытай әлемде ядролық соғыс қаупін өршітуге асыққан жоқ.
ақш
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/08/03/26512826_252:0:2983:2048_1920x0_80_0_0_b6dbf5aa95110dfb71fb55459a4c416a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ақш
АҚШ конгресінің спикері Нэнси Пелосидің Тайвань бұғазына сапары ондаған әскери ұшақтың әуеге көтеріліп, төрт авиа тасымалдаушыны орнынан қозғалуына және мыңдаған сарбаз бен теңізшіні дабыл бойынша аяғынан тік тұруына себеп болды, деп жазды
РИА Новости.Нэнси Пелосидің Тайваньға сапарын Бейжің о бастан-ақ өткір сынға алды. ҚХР билігі арал елдің бір бөлігі болып саналатын және басқа мемлекеттердің ресми тұлғаларының сапарын өз бетінше ұйымдастыра алмайтын "біртұтас Қытай" атты өз саясатына құрметпен қарауды талап етті.
Ал Пелоси қайткен күнде де Тайваньға аттанатынын, Си Цзиньпин осыған қатысты бұйрық бере алмайтынын айтса, Джо Байден бұл идеяны сынауға құлық танытпады. Ол тіпті конгресс спикеріне Тайваньға сапар шегуге қатаң түрде тыйым салған жоқ. Пелоси заңнамалық, ал Байден атқарушылық билікке жауап беретінін ескергенмен, Джо Байдан демократтар атынан елді басқарып тұрған президент. Ол парртиядағы ең маңызды тұлға ретінде Пелосиге жаһандық арандатушылыққа бармауға тыйым сала алар еді.
Осылайша сейсенбі күні Пелоси мінген үкіметке тиесілі боинг Куала-Лумпурден оңтүстікке қарай бет алды. Ұшақтардың бағдарын бақылайтын сайт арқылы екі жүз мыңнан астам адам осы әуе көлігінің ұшуын қадағалап отырды. Пелосидің сапары туралы барлық ақпарат агенттігі жазып жатты. Әлемдік қауымдастықтың алаңдаушылығы артты. Қытай мен америкалық авиатасымалдағыштар Тайваньға қарай бет алды. Әскери аэродромдардан жойғыш ұшақтар ұшып шықты. Тайвань бұғазында Қытай әскери-теңіз күштері оқу-жаттығу өткізуге кірісті.
Пелосидің сапарын сынға алғандар АҚШ-тан да табылды. Мысалы, танымал журналист Томас Фридман The New York Times басылымында Нэнси Пелосиге арнап мақала жазып, оның соңында спикерден Тайваньға бармауды сұраған. Ол Пелосидің бұл сапарға аттанбауын Орталық барлау қызметінің директорынан бастап Штаб басшыларының біріккен комитеті басшысына дейін өтінгенін жазды. Оның пікірінше, қазір мұндай қадам әлемге үшінші дүниежүзілік соғыс қаупін төндіріп тұр.
Фридман Қытайды жаулап алуды кейінге қалдыруды, Украинадағы әскери іс-қимыл әлі аяқталмағанын, ал АҚШ екі тарапқа қолдау көрсете алмайтынын алға тартқан. Оның ойынша, қазір Тайваньға қару-жарақпен қолдау көрсетіп, оның Қытайға қарсылық таныта алатында қауқарға қол жеткізуіне ықпал ету қажет.
"Зейнетке шығуына аз қалған Пелосидің Тайбэйге сапары америкалық империяның үстемдік етуге деген құлшынысын анық аңғартқаны жасырын емес. Өзінің үстемдігін басқаша қалай көрсетуге болар еді? Мысалы, қарызға белшесінен батпай, дәулетті күй кешіп, әлемге үлгі болуға болар еді. Бірақ, америкалықтар басқа жолды таңдап отыр. Қазіргі Америкада кедейлік пен қылмыс өршіп тұрса да, ол әлемдік аренада үшінші дүниежүзілік соғыс қаупін тудыратын арандатушылықтарға барып отыр", - деп жазды мақала авторы.
Америкалық конгресс спикерінің бұл әрекеті нені аңғартты? Біріншіден, АҚШ-тың ядролық державасын кім басқарып отырғаны белгісіз. Ел президенті де, жоғары шенді әскерилер де Пелосиге үкіметтік ұшақпен қалаған еліне аттануға тыйым сала алмады.
Екіншіден, Америкадағы жағдайдың шиеленіскені соншалық, олар қақтығыс табалдырығында тұрған кез келген аймақта арандатушылық әрекетке баруға дайын. Өйткені, жаһандық соғыс сыртқа шығарылған іштегі дүрбелеңді елемеуге ықпал етеді. Бұл Украинаға да, Қытайға да қатысты. Жалпы АҚШ Тайваньның ғана емес, сондай-ақ Тибеттің де ҚХР аумағына кіретінін мойындамай отыр.
Үшіншіден, Вашингтон тайваньдықтардың көзқарасымен санасып отырған жоқ. Бүкіл әлем демін ішіне тартып, ақыры не болады деп күткен осы санаулы күнде Тайвань президенті ләм-мим деп пікір білдірмеді. Олар соғыс басталып кете ме деп қатты қауіптенді. Есесіне, енді олар қытай әскери кемелерінің оқ атуы мен зымырандардың ұшырылған дауысын сетіп ұйықтауға мәжбүр.
"Тайвань тұрғындарының басым бөлігі Пелосидің бұғазға сапарын құптаған жоқ. Олар тіпті осыны талап ету мақсатында қарсылық акциясына шығуға тырысып көрді. Олар соғысуды да көксеп отырған жоқ. Себебі Қытаймен бизнес қарым-қатынас жақсы дамыған", - деп жазды автор.
Төртіншіден, Вашингтонның Еуропадағы одақтастарына алдағы шиеленіске дайын болу керек. Ресейге қарсы санкциялар бұл шиеленістен әлдеқайда жеңіл болғаны жақын уақытта анықталады. Бір қарағанда, Тайвань мен Еуроодақтың не байланысы бар деген ой келуі мүмкін. Бірақ, соңғы уақытта АҚШ барлық іс-әрекетін Еуропа арқылы жүзеге асырып жатыр. "Жасыл экономикаға көшу", Украинада Ресейге қарсы соғыс, антиресейлік санкциялар осының дәлелі. Сондықтан жақын уақытта ҚХР-ға қарсылық таныту да еуропалықтардың есебінен орындалуы ықтимал. Оларды Қытайға қарсы ауқымды санкциялар енгізуге мәжбүрлеп, бұл анығында Еуропаның өз экономикасын құлдыратуға алып келеді.
Бүгінде Қытай Еуроодақтың басты сауда серіктесі. Ресей бұл тізімде небәрі бесінші орында тұр. Егер Мәскеумен сауданы тоқтату еуропалықтардың 90-шы жылдардағы дағдарысқа қайта оралуға мәжбүрлесе, онда Қытаймен сауда байланысын үзудің салдары орасан зор болатыны түсінікті. Оның үстіне, АҚШ Қытаймен тікелей толыққанды қарсылыққа бармайды. Себебі, бұл америкалықтар үшін үлкен шығын тудырады. Ал бұл іс-қимылға Еуропаны жұмылдыру Ескі Әлемнің тоқырап, Вашингтон талаптарымен келісетін жағдайға жетуіне тікеле әсер етер еді.
Пелосидің арандатушылық әрекетіне қарамастан, Қытай билігі өзінің салмақтылығын, әр іс-қимылды ақыл таразысына салып барып орындайтынын дәлелдеді. Себебі, Қытай әлемде ядролық соғыс қаупін өршітуге асыққан жоқ.