Ертіс жағасында демалған: Павлодар облысында өзеннен мәйіт табылды
© Sputnik / Алексей Мальгавко
/ Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 3 тамыз – Sputnik. Павлодар облысында өзеннен мәйіт табылды.
1995 жылғы ер адам 31 шілде күні Тереңкөл ауданында жоғалып кеткен, деп хабарлады Pavlodarnews.kz.
"Vіta" іздеушілер желісінің мәліметінше, ол досымен бірге Ертіс өзенінің жағасында демалған, досы кетіп қалған кезде сол жерде қалған. Алайда қайтып үйіне оралмаған.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінде жедел құтқару жасағы ер адамның денесін Тереңкөл ауданында Ертіс өзенінен анықтағанын хабарлады. Іздеу шараларына төрт құтқарушы мен бір техника, бір жүзу құралы шыққан.
"Аталған факті бойынша 2 тамызда іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізілді. Бүгін біздің қызметкерлер денесін сағат 7.55-те анықтады", - дейді департамент.

Жоғалған адамның туыстары оның сол азаматтың денесі екенін растады.
Өлімнің мән-жайы мен себебін анықтаумен полиция айналысады, сот-медициналық сараптама тағайындалды.