Оқу-ағарту министрлігі "Мектепке жол" акциясын бастады

© Sputnik / Ирина АдамоваДорога в школу
Дорога в школу - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.08.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 3 тамыз – Sputnik. Оқу-ағарту министрлігі балалардың құқықтарын қорғау комитеті "Мектепке жол" республикалық қайырымдылық акциясын іске қосты.
Акция 2022 жылғы 31 тамызға дейін, яғни жаңа оқу жылы басталғанға дейін жалғасады, деп хабарлады оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.
Науқанға кез келген адам қатыса алады: еріктілер, бизнесмендер, меценаттар, үкіметтік емес ұйымдар және т.б. Қатысушылар мұқтаж отбасылар мен балаларға қолдау көрсетеді немесе керісінше көмек сұрай алады.
"Акция тұрмысы төмен, көпбалалы отбасылардан шыққан мектеп оқушыларына, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қажетті көмек көрсету мақсатында өткізіліп отыр. Әрбір мектепте әлеуметтік көмекке мұқтаж балалардың атаулы, жеке тізімдері жасалған. Білім беру ұйымдарында "жедел желі" жұмысы ұйымдастырылған", - дейді комитет төрағасы Есенғазы Иманғалиев.
"Мектепке жол" акциясы жыл сайын жаңа оқу жылы қарсаңында өткізіліп жүр. Акцияның 10 жылында 2 миллионнан астам балаға материалдық көмек көрсетілді. "Мектепке жол" акциясына қатысу үшін білім басқармалары мен ұйымдарына хабарласу қажет.
Жаңалықтар
0