https://sputnik.kz/20220803/kukirt-trikosidin-taratqany-ushin-kazfosfat-26495354.html
Күкірт триоксидін таратқаны үшін "Қазфосфат" кәсіпорны 5,5 млн теңге айыппұл арқалады
Күкірт триоксидін таратқаны үшін "Қазфосфат" кәсіпорны 5,5 млн теңге айыппұл арқалады
Sputnik Қазақстан
Экологтар кәсіпорында бес бірдей заң бұзушылық болғанын анықтады 03.08.2022, Sputnik Қазақстан
2022-08-03T08:43+0500
2022-08-03T08:43+0500
2022-08-03T08:55+0500
айыппұл
https://sputnik.kz/img/07e6/04/04/23948645_2:0:2999:1686_1920x0_80_0_0_4edf2ae444e8e038b47705806a657b89.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 3 тамыз - Sputnik. "Қазфосфат" минералды тыңайтқыштар зауыты ауаға күкірт триоксидін шығарғаны үшін 5,5 миллион теңге көлемінде айыппұл төлейді. Барлық кемшіліктер 26 тамызға дейін жойылуы керек, деп хабарлады "Хабар 24". Ұйғарымға сәйкес, мерзімінде орындалмаған жағдайда зауыт жұмысын тоқтату бойынша қатаң шаралар қабылданады. Еске салсақ, 11 шілде күні кәсіпорында арнаулы сорғы істен шығып, Тараз қаласын түтін басқан еді. Біршама адамның тамағы ұстап, басы ауырған. Экологтар ауа қабатына тексеріп, фторлы сутектің мөлшерден 7,5 есе артқанын анықтады. Одан кейін Елорда, Шымкент және Қарағанды облысының мамандары келіп он күндік жоспардан тыс тексеріс жүргізді. Нәтижесінде зауыттан шыққан күкірт триоксиді 18 минут бойы ауа қабатына тараған. Сол уақыт аралығында бір тоннадан астам күкірт триоксиді шықты.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/04/04/23948645_376:0:2624:1686_1920x0_80_0_0_fdd4a6b03e65e78ec66483955930b57d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
айыппұл
Күкірт триоксидін таратқаны үшін "Қазфосфат" кәсіпорны 5,5 млн теңге айыппұл арқалады
08:43 03.08.2022 (жаңартылды: 08:55 03.08.2022) Экологтар кәсіпорында бес бірдей заң бұзушылық болғанын анықтады
НҰР-СҰЛТАН, 3 тамыз - Sputnik. "Қазфосфат" минералды тыңайтқыштар зауыты ауаға күкірт триоксидін шығарғаны үшін 5,5 миллион теңге көлемінде айыппұл төлейді.
Барлық кемшіліктер 26 тамызға дейін жойылуы керек, деп хабарлады "Хабар 24".
Ұйғарымға сәйкес, мерзімінде орындалмаған жағдайда зауыт жұмысын тоқтату бойынша қатаң шаралар қабылданады.
"Қалдықтың таралғаны туралы хабарлаған жоқ. Біз ауаға бір тоннаға жуық күкірт триоксиді бөлінгенін анықтадық. Зауыттағы техникалық кемшіліктерді қауіпсіздік журналына тіркемеу, технологиялық тәртіпті қадағаламау сынды қателіктер көп. Мәселен кейбір фланецті жалғанған тұстардан газ, қышқыл, күкірт сияқты сұйықтық тараған. Сондықтан аталған заң бұзушылықтар үшін компания жауапкершілікке тартылды", – деп түсіндірді Жамбыл облыстық экология департаменті басшысының міндетін атқарушы Арсен Латыпов.
Еске салсақ, 11 шілде күні кәсіпорында арнаулы сорғы істен шығып, Тараз қаласын түтін басқан еді. Біршама адамның тамағы ұстап, басы ауырған.
Экологтар ауа қабатына тексеріп, фторлы сутектің мөлшерден 7,5 есе артқанын анықтады. Одан кейін Елорда, Шымкент және Қарағанды облысының мамандары келіп он күндік жоспардан тыс тексеріс жүргізді.
Нәтижесінде зауыттан шыққан күкірт триоксиді 18 минут бойы ауа қабатына тараған. Сол уақыт аралығында бір тоннадан астам күкірт триоксиді шықты.