https://sputnik.kz/20220803/giniyat-gebreyesus-meditsina-26511041.html
Ғиният пен Гебрейесус алғашқы медициналық көмекті дамыту мәселесін талқылады
Ғиният пен Гебрейесус алғашқы медициналық көмекті дамыту мәселесін талқылады
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 3 тамыз – Sputnik. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Гебрейесус пен Қазақстан денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният... 03.08.2022, Sputnik Қазақстан
2022-08-03T18:20+0500
2022-08-03T18:20+0500
2022-08-03T18:20+0500
дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы
https://sputnik.kz/img/07e6/08/03/26510999_0:113:1080:720_1920x0_80_0_0_1d61367593dc4a1f56c635cc3acacfc3.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 3 тамыз – Sputnik. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Гебрейесус пен Қазақстан денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Алматыдағы С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетіне барды.Тедрос Гебрейесус ҚазҰМУ мұражайында оқу орнының тарихымен танысты. Университет ректоры Марат Шоранов Қазақстанның байырғы медициналық оқу орнының еліміздің денсаулық сақтау саласына және коронавирус пандемиясымен күреске қосқан үлесі туралы айтып берді.Министр денсаулық сақтау саласын дамыту бойынша мемлекеттік бағдарламаның жалғасы болып табылатын және 2025 жылға дейін орындалатын нақты міндеттерді жүктейтін "Дені сау ұлт" әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау" ұлттық жобасының жүзеге асу барысы жайында әңгімеледі."Дені сау ұлт" ұлттық жобасының барлық негізгі бағыты Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жаһандық және аймақтық деңгейдегі негізгі стратегиялық құжаттарындағы басым бағыттарымен үндеседі. ДДСҰ-мен серіктестіктің жарқын мысалының бірі – биыл наурыз айында Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданындағы ауданаралық көпбейінді аурухана базасында ДДҰС-ның алғашқы медициналық-санитариялық көмек бойынша демонстрациялық алаңының ашылуы", – деп атап өтті Ажар Ғиният.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/08/03/26510999_54:0:1014:720_1920x0_80_0_0_0ffd77df88488fb3d670d57573140401.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы
дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы
Ғиният пен Гебрейесус алғашқы медициналық көмекті дамыту мәселесін талқылады
НҰР-СҰЛТАН, 3 тамыз – Sputnik. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Гебрейесус пен Қазақстан денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Алматыдағы С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетіне барды.
Тедрос Гебрейесус ҚазҰМУ мұражайында оқу орнының тарихымен танысты. Университет ректоры Марат Шоранов Қазақстанның байырғы медициналық оқу орнының еліміздің денсаулық сақтау саласына және коронавирус пандемиясымен күреске қосқан үлесі туралы айтып берді.
"Сондай-ақ ДДСҰ басшысы мен денсаулық сақтау министрі медуниверситеттің оқытушы-профессор құрамымен кездесіп, алғашқы медициналық-санитариялық көмек пен эпидемологиялық қызметтің даму трендтерін талқылады", деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.
Министр денсаулық сақтау саласын дамыту бойынша мемлекеттік бағдарламаның жалғасы болып табылатын және 2025 жылға дейін орындалатын нақты міндеттерді жүктейтін "Дені сау ұлт" әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау" ұлттық жобасының жүзеге асу барысы жайында әңгімеледі.
"Дені сау ұлт" ұлттық жобасының барлық негізгі бағыты Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жаһандық және аймақтық деңгейдегі негізгі стратегиялық құжаттарындағы басым бағыттарымен үндеседі. ДДСҰ-мен серіктестіктің жарқын мысалының бірі – биыл наурыз айында Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданындағы ауданаралық көпбейінді аурухана базасында ДДҰС-ның алғашқы медициналық-санитариялық көмек бойынша демонстрациялық алаңының ашылуы", – деп атап өтті Ажар Ғиният.