Өңірлер

Алматы халықаралық туристік қауымдастыққа кірді

© Sputnik / Тимур БатыршинОсень в Алматы
Осень в Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.08.2022
Жазылу
Қауымдастыққа кіру әртүрлі туристік ұйымдармен, ICCA мүшелерімен жаңа серіктестік орнатуға мүмкіндік береді
АЛМАТЫ, 3 тамыз – Sputnik. Алматы қаласы 1 тамыздан бастап International Congress & Convention Association халықаралық конгрестер мен конференциялар қауымдастығының мүшесі болды, деп хабарлады Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Ведомство мәліметінше, ICCA-ға мүшелік Алматыдағы MICE туризмді (іскерлік) халықаралық аренада дамыту жоспарының бір бөлігі болып табылады.
Айта кетейік, ICCA-ға әлемнің 88 елінен 950 қала мүше. ICCA 2020 жылы жүргізген рейтингісіне сәйкес, Қазақстан MICE туризм бойынша әлемде 79-шы орында.
"Қауымдастыққа кіру әртүрлі туристік ұйымдармен, ICCA мүшелерімен жаңа серіктестік орнатуға мүмкіндік береді. Біз қалаға сапалы жаңа туристерді тартуға және ұстап қалуға ниеттіміз", - деді Алматының туристік ақпараттық орталығы ЖШС директоры Едіге Марғұлан.
MICE туризмі соңғы жылдары Қазақстандағы туризмнің басым түрі болып табылады. MICE туризм нарығының әлемдік көлемі 7,5% жылдық өсіммен $725 млрд бағаланады.
Баспасөз қызметі Алматыда жылына 20 халықаралық деңгейдегі іскерлік іс-шара өткізу жоспарланып отырғанын жеткізді.
Жаңалықтар
0