https://sputnik.kz/20220802/zhana-oqu-zhylynda-mektep-26487671.html
Айжан Есмағамбетова жаңа оқу жылында қандай шектеу шаралары болатынын айтты
Айжан Есмағамбетова жаңа оқу жылында қандай шектеу шаралары болатынын айтты
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 2 тамыз – Sputnik. Денсаулық сақтау вице-министрі – бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетова жаңа оқу жылында мектепте қандай шектеу... 02.08.2022, Sputnik Қазақстан
2022-08-02T16:53+0500
2022-08-02T16:53+0500
2022-08-02T21:46+0500
білім
оқу жылы
https://sputnik.kz/img/07e5/0c/15/18948644_0:156:3001:1844_1920x0_80_0_0_865e189718fe035e2479aed1a6944676.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 2 тамыз – Sputnik. Денсаулық сақтау вице-министрі – бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетова жаңа оқу жылында мектепте қандай шектеу шаралары енгізілетінін айтты. Бас санитарлық дәрігердің айтуынша, жаңа оқу жылына дейін эпидемиологиялық жағдайға қарай шектеу шаралары әзірленеді. Алдымен мектептегі санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтауға басымдық беріледі. Мектепті жиі жинауға тапсырма беріледі. Дезинфекциялық құралдар қолданылады. Бұдан бөлек, мектепте педагогтер мен оқушылардың дене қызуын өлшеу шарасы да енгізілуі мүмкін. Температура анықталса, баланы сабаққа кіргізбейді. Есмағамбетованың сөзіне қарағанда, мектепте барлық бұқаралық шараға да тыйым салынуы ықтимал. Айта кетері, үкіметтің бүгінгі отырысында денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният коронавирус инфекциясының таралуы бойынша болжамды жариялады. Оның айтуынша, тамыз айында вирус жұқтырғандардың саны күніне 4 000 адамға дейін барады. Ал қыркүйек айында төмендейді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/0c/15/18948644_166:0:2833:2000_1920x0_80_0_0_c36257e308b0a10aa796bc4c282abb8f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
оқу жылы
Айжан Есмағамбетова жаңа оқу жылында қандай шектеу шаралары болатынын айтты
16:53 02.08.2022 (жаңартылды: 21:46 02.08.2022) НҰР-СҰЛТАН, 2 тамыз – Sputnik. Денсаулық сақтау вице-министрі – бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетова жаңа оқу жылында мектепте қандай шектеу шаралары енгізілетінін айтты.
"Эпидемиологиялық жағдайды ескерсек, жаппай оқытудың онлайн-форматына көшпейтін шығармыз. Былтыр бірнеше толқынын да көрдік. Әрине, 100 проценттік сеніммен айтуға болмайды. Барлығы инфекцияның таралу деңгейі мен нақты штамға байланысты болады. Сол кездегі эпидемиологиялық жағдайға қарай тиісті шаралар қолға алынады", - дейді Есмағамбетова.
Бас санитарлық дәрігердің айтуынша, жаңа оқу жылына дейін эпидемиологиялық жағдайға қарай шектеу шаралары әзірленеді. Алдымен мектептегі санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтауға басымдық беріледі. Мектепті жиі жинауға тапсырма беріледі. Дезинфекциялық құралдар қолданылады.
Бұдан бөлек, мектепте педагогтер мен оқушылардың дене қызуын өлшеу шарасы да енгізілуі мүмкін. Температура анықталса, баланы сабаққа кіргізбейді.
Есмағамбетованың сөзіне қарағанда, мектепте барлық бұқаралық шараға да тыйым салынуы ықтимал.
Айта кетері, үкіметтің бүгінгі отырысында денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният коронавирус инфекциясының таралуы бойынша
болжамды жариялады. Оның айтуынша, тамыз айында вирус жұқтырғандардың саны күніне 4 000 адамға дейін барады. Ал қыркүйек айында төмендейді.