https://sputnik.kz/20220802/rim-papasy-frantsisk-toqaev-26486596.html
Рим Папасы Франциск Тоқаевпен кездеседі
Рим Папасы Франциск Тоқаевпен кездеседі
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 2 тамыз – Sputnik. 13-15 қыркүйек аралығында Рим Папасы Франциск Қазақстанға мемлекеттік сапармен келіп, президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен... 02.08.2022, Sputnik Қазақстан
2022-08-02T16:05+0500
2022-08-02T16:05+0500
2022-08-02T16:05+0500
мемлекеттік сапар
қасым-жомарт тоқаев
https://sputnik.kz/img/1240/98/12409835_0:0:2445:1375_1920x0_80_0_0_38f471673980c59232fdfad6644a7127.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 2 тамыз – Sputnik. 13-15 қыркүйек аралығында Рим Папасы Франциск Қазақстанға мемлекеттік сапармен келіп, президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездеседі.Рим-католик шіркеуінің басшысы сапарының екінші күнінде Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезінің ашылуына және пленарлық отырысына, сондай-ақ кейбір басқа дін лидерлерімен бірқатар кездесулерге қатысады.Сонлдай-ақ, 14 қыркүйекте Рим Папасы Франциск мыңдаған католик дінін ұстанушылар, оның ішінде Қазақстан астанасына арнайы келетіндері үшін месса өткізеді.Сапардың соңғы күнінде ол Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезінің жабылуына және оның қорытынды декларациясының қабылдануына қатысуды, сондай-ақ Рим-католик шіркеуінің Қазақстандағы және көрші елдерден келетін дін қызметкерлерімен, монахтарымен және семинаристерімен кездесуді жоспарлап отыр.Еске салсақ, Рим-католик шіркеуі басшысының, атап айтқанда, Папа Иоанн Павел II-нің Қазақстанға тұңғыш сапары 2001 жылғы 22-25 қыркүйек аралығында өткен. Папа Франциск Қазақстан астанасында дәстүрлі түрде үш жыл сайын өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезіне қатысуын растаған Рим-католик шіркеуінің бірінші басшысы.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1240/98/12409835_143:0:2220:1558_1920x0_80_0_0_64dd8b1e97b7d79259989976e05e8244.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мемлекеттік сапар, қасым-жомарт тоқаев
мемлекеттік сапар, қасым-жомарт тоқаев
НҰР-СҰЛТАН, 2 тамыз – Sputnik. 13-15 қыркүйек аралығында Рим Папасы Франциск Қазақстанға мемлекеттік сапармен келіп, президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездеседі.
"Сапардың бірінші күнінің бағдарламасында оның Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен, сондай-ақ елімізде тіркелген шетелдік дипломатиялық корпус және азаматтық қоғам өкілдерімен кездесулері қарастырылған", - деп хабарлады сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.
Рим-католик шіркеуінің басшысы сапарының екінші күнінде Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезінің ашылуына және пленарлық отырысына, сондай-ақ кейбір басқа дін лидерлерімен бірқатар кездесулерге қатысады.
Сонлдай-ақ, 14 қыркүйекте Рим Папасы Франциск мыңдаған католик дінін ұстанушылар, оның ішінде Қазақстан астанасына арнайы келетіндері үшін месса өткізеді.
Сапардың соңғы күнінде ол Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезінің жабылуына және оның қорытынды декларациясының қабылдануына қатысуды, сондай-ақ Рим-католик шіркеуінің Қазақстандағы және көрші елдерден келетін дін қызметкерлерімен, монахтарымен және семинаристерімен кездесуді жоспарлап отыр.
Еске салсақ, Рим-католик шіркеуі басшысының, атап айтқанда, Папа Иоанн Павел II-нің Қазақстанға тұңғыш сапары 2001 жылғы 22-25 қыркүйек аралығында өткен.
Папа Франциск Қазақстан астанасында дәстүрлі түрде үш жыл сайын өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезіне қатысуын растаған Рим-католик шіркеуінің бірінші басшысы.