Өңірлер

Жоспардан тыс жүзу жаттығуы: Павлодарда спорт кешенін су басты

© Photo : Портал Павлодар ОнлайнПавлодардағы спорт кешені
Павлодардағы спорт кешені - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.08.2022
Жазылу
Коммуналдық апаттан кейін жаттығулар 8 тамызға дейін тоқтатылады
НҰР-СҰЛТАН, 2 тамыз - Sputnik. Кеше Павлодарда нөсер жауын салдарынан жаңа спорт кешенін су басты.
Куәгерлердің айтуынша, "Спорт-сити" ғимаратының бірінші және екінші қабаттарында су жиналған, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
Әлеуметтік желілерде қала тұрғындары спорт кешенінде жоспардан тыс жүзу секциясы ашылды деп қалжыңдап жатыр.
Павлодар облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы нөсер жүйесінің су бұру құбыры қирағанын хабарлады. Оқиға орнына мердігер шақырылды.
"Электр арматурасын кептіру үшін жаттығу процесін 8 тамызға дейін тоқтата тұру туралы шешім қабылданды", – деп түсіндірді ведомствода.
Апаттың салдары жойылады.
Жаңалықтар
0