https://sputnik.kz/20220802/pavlodar-qantar-oqigasy-26478964.html
Павлодарда қаңтар оқиғасына қатысқандар сотталды
Павлодарда қаңтар оқиғасына қатысқандар сотталды
Sputnik Қазақстан
Барлығы бас бостандығынан айырмауға өтініш жасады 02.08.2022, Sputnik Қазақстан
2022-08-02T12:29+0500
2022-08-02T12:29+0500
2022-08-02T12:29+0500
павлодар облысы
тәртіпсіздік
сот
https://sputnik.kz/img/283/17/2831712_0:53:1280:773_1920x0_80_0_0_974041005514cf0b20fba383cdfc1341.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 2 тамыз – Sputnik. Павлодар қаласының 2 соты жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастыру және қатысу бойынша алты адамға қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Тергеу материалдарына сәйкес, 5 қаңтарда соталушының біреуі Павлодар облысы әкімдігінің ғимараты алдында жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырған. Сосын екі сыбайласымен бірге басқаларды үндеді. Тағы төртеуі жаппай тәртіпсіздіктерге қатысып қана қоймай, полиция қызметкеріне қарсы күш қолданды. Сотталушылардың заңсыз әрекетінен облыс әкімдігінің ғимаратына 2 131 168 теңгеге залал келген. Бұдан бөлек, бір жауапкершілігі шектеулі серіктестік 227 200 теңгеге, ал тағы бір жәбірленуші 456 346 теңгеге мүліктік шығынға батты. Алтауының кінәсі куәгерлердің сөзімен, бейнежазбалар мен сараптамалардың қорытындысымен дәлелденді. Прокурор жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырушыны 7 жылға, ал қалғанын қатысу дәрежесіне қарай бас бостандығынан айыру, шартты түрде соттау және бас бостандығын шектеу сияқты жазаға тартуды сұрады. Екеуі өз кінәсін ішінара мойындаса, төртеуі толығымен келісті. Барлығы бас бостандығынан айырмауға өтініш жасады. Соттың шешімі бойынша жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырушы 6 жылға, тағы бір сотталушы 4 жылға, үшеуі 3 жылға шартты түрде, тағы біреуі 1 жыл 6 ай бас бостандығынан шектеу жазасына кесілді. Үкім заңды күшіне енген жоқ.
павлодар облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/283/17/2831712_0:0:1280:960_1920x0_80_0_0_03da4e92d0ad1f0f6bc1c5c5ce1d2c7b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
павлодар облысы, тәртіпсіздік, сот
павлодар облысы, тәртіпсіздік, сот
Павлодарда қаңтар оқиғасына қатысқандар сотталды
Барлығы бас бостандығынан айырмауға өтініш жасады
НҰР-СҰЛТАН, 2 тамыз – Sputnik. Павлодар қаласының 2 соты жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастыру және қатысу бойынша алты адамға қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тергеу материалдарына сәйкес, 5 қаңтарда соталушының біреуі Павлодар облысы әкімдігінің ғимараты алдында жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырған. Сосын екі сыбайласымен бірге басқаларды үндеді. Тағы төртеуі жаппай тәртіпсіздіктерге қатысып қана қоймай, полиция қызметкеріне қарсы күш қолданды.
Сотталушылардың заңсыз әрекетінен облыс әкімдігінің ғимаратына 2 131 168 теңгеге залал келген. Бұдан бөлек, бір жауапкершілігі шектеулі серіктестік 227 200 теңгеге, ал тағы бір жәбірленуші 456 346 теңгеге мүліктік шығынға батты.
Алтауының кінәсі куәгерлердің сөзімен, бейнежазбалар мен сараптамалардың қорытындысымен дәлелденді.
Прокурор жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырушыны 7 жылға, ал қалғанын қатысу дәрежесіне қарай бас бостандығынан айыру, шартты түрде соттау және бас бостандығын шектеу сияқты жазаға тартуды сұрады. Екеуі өз кінәсін ішінара мойындаса, төртеуі толығымен келісті.
Барлығы бас бостандығынан айырмауға өтініш жасады.
Соттың шешімі бойынша жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырушы 6 жылға, тағы бір сотталушы 4 жылға, үшеуі 3 жылға шартты түрде, тағы біреуі 1 жыл 6 ай бас бостандығынан шектеу жазасына кесілді. Үкім заңды күшіне енген жоқ.