Өңірлер

Оралда футбол қақпасы баланың үстіне құлады - қызметтік тексеріс басталды

© PhotoФутбол қақпасы
Футбол қақпасы - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.08.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 2 тамыз - Sputnik. Оралда балалар алаңдарындағы соңғы екі қайғылы оқиғаны әкімдік тексереді. Бірінші жағдайда балаға футбол қақпасы құлады, ал екіншісінде әткеншектегі жасөспірім саусақтарына айырылды.
Орал әкімдігінің баспасөз қызметі "Орал" спорт клубына қатысты қызметтік тексеру жүргізілетінін хабарлады. Өйткені нысан осы клубтың балансында тұр.
"Тексеру нәтижелері бойынша тиісті шаралар қабылданады. Сондай-ақ, қаланың барлық спорт және балалар алаңдарында ақаулар тексеріледі. Анықталған бұзушылықтар түзетіледі", - делінген ведомство хабарламасында.
Биыл спорт және балалар алаңдарын жөндеуге және түзетуге қаражат бөлінеді.
Еске сала кетсек, 27 шілдеде Оралда өз ауласында жасөспірім әткеншек теуіп отырып екі саусағынан айырылған болатын. Қылмыстық кодекстің 306-бабы ("қауіпсіздік талаптарына жауап бермейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау не қызметтерді көрсету") бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Сонымен қатар, Оралда 11 жастағы баланың үстіне футбол қақпасы құлады. Бала жарақат салдарынан ауруханада қайтыс болды.
Жаңалықтар
0