https://sputnik.kz/20220802/nur-sultan-gruziya-asel-aytpaeva-26489304.html
Грузияда көз жұмған Әсел Айтпаеваның туысы сотталды
Грузияда көз жұмған Әсел Айтпаеваның туысы сотталды
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 2 тамыз – Sputnik. Нұр-Сұлтанда Әсел Айтпаеваның өліміне қатысты іс бойынша айыпталған Мұрат Мейірбековке сот үкімі шықты. 02.08.2022, Sputnik Қазақстан
2022-08-02T17:45+0500
2022-08-02T17:45+0500
2022-08-02T18:10+0500
сот үкімі
https://sputnik.kz/img/07e6/08/02/26489088_0:44:2078:1213_1920x0_80_0_0_665dd915023397d5917ecde16aa75e9d.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 2 тамыз – Sputnik. Нұр-Сұлтанда Әсел Айтпаеваның өліміне қатысты іс бойынша айыпталған Мұрат Мейірбековке сот үкімі шықты.Сотталушы "Зорлау" және "Адам саудасы" баптары бойынша кінәлі деп танылды.Судья Қыдырбек Әлқожаев айыпталушы 15 жылға бас бостандығынан айырылып, жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қатаң тәртіптегі мекемесінде өтейтінін айтты.Сот сонымен қатар жауапкерге қойылған азаматтық талап арызды жартылай қанағаттандырды. Марқұмның анасы мен әкесінің пайдасына Мейірбековтен моральдық шығын ретінде әрқайсысына 5 миллион теңгеден өндіріледі.Еске салсақ, бір жыл бұрын Әсел Айтпаева Грузияда белгісіз жағдайда көз жұмды. Ол Грузияға өзінің алыс туысының шақыруымен жұмыс істеуге барған. Он күннен кейін қыз өлі табылды.Осы елдің құқық қорғау органы 57 жастағы Бесо Тордуаны "қыз зорлады және оны өзіне қол жұмсауға мәжбүрледі" деген айыптармен қамауға алған еді. Алайда Тордуа түрме ауруханасында көп ұзамай қайтыс болды.Әселді жұмысқа шақырған туысқаны Мұрат Мейірбеков те күдікке ілінді. Нұр-Сұлтан полициясы оны өткен жылдың 16 мамырында ұстады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/08/02/26489088_0:0:2078:1560_1920x0_80_0_0_f41d3172d532c8f4b74f9d808a7964fb.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
сот үкімі
НҰР-СҰЛТАН, 2 тамыз – Sputnik. Нұр-Сұлтанда Әсел Айтпаеваның өліміне қатысты іс бойынша айыпталған Мұрат Мейірбековке сот үкімі шықты.
Сотталушы "Зорлау" және "Адам саудасы" баптары бойынша кінәлі деп танылды.
Судья Қыдырбек Әлқожаев айыпталушы 15 жылға бас бостандығынан айырылып, жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қатаң тәртіптегі мекемесінде өтейтінін айтты.
"Мұрат Бақытұлы Мейірбеков Қылмыстық кодекстің 120-бабының 1-бөлігінде (зорлау), 128-бабының 4-бөлігі 2-тармағында (адам саудасы) қарастырылған қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылсын. 120-баптың 1-бөлігі бойынша 5 жыл 3 айға, 128-баптың 4-бөлігі 2-тармағы бойынша 11 жыл 3 айға бас бостандығынан айыру жазасына кесілсін", - деді судья.
Сот сонымен қатар жауапкерге қойылған азаматтық талап арызды жартылай қанағаттандырды. Марқұмның анасы мен әкесінің пайдасына Мейірбековтен моральдық шығын ретінде әрқайсысына 5 миллион теңгеден өндіріледі.
Еске салсақ, бір жыл бұрын Әсел Айтпаева Грузияда белгісіз жағдайда көз жұмды. Ол Грузияға өзінің алыс туысының шақыруымен жұмыс істеуге барған. Он күннен кейін қыз өлі табылды.
Осы елдің құқық қорғау органы 57 жастағы Бесо Тордуаны "қыз зорлады және оны өзіне қол жұмсауға мәжбүрледі" деген айыптармен қамауға алған еді. Алайда Тордуа түрме ауруханасында көп ұзамай қайтыс болды.
Әселді жұмысқа шақырған туысқаны Мұрат Мейірбеков те күдікке ілінді. Нұр-Сұлтан полициясы оны өткен жылдың 16 мамырында ұстады.