Нэнси Пелосидің сапары Тайваньді тығырыққа тірей ме?

© Photo : SAUL LOEBНэнси Пелоси
Нэнси Пелоси  - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.08.2022
Жазылу
АҚШ Конгресінің өкілдер палатасы спикері Нэнси Пелоси Тайвань жеріне сапар жасамақшы. Америкалық делегацияның арнайы борты 2 тамызда Мәскеу уақыты бойынша кешкі сағат 18:00-дің шамасында аралға қонуға тиіс. Пелоси бастап шыққан делегацияның құрамында алты адам бар. Ашығын айту керек, бүгінде халықаралық қауымдастық осы сапарды жіті бақылауда ұстап отыр. Себебі "Вашингтон – Пекин – Тайбэй" қарым-қатынасы шиеленісіп кетуі әбден мүмкін, деп жазды ресейлік әскери шолушы Александр Хроленко.
Тайвань провинциясы – Қытай Халық Республикасының заңды әрі ажырамас бөлігі. Аралдың мемлекеттілігі БҰҰ-да бекітілмеген. Бүгінде оны небәрі 15 мемлекет қана мойындап отыр. Олардың ішінде Америка Құрама Штаттары жоқ. Сондықтан АҚШ-тың мемлекеттік аппаратындағы мәртебесі жағынан үшінші орында тұрған шенеуніктің Қытай жеріне жасайтын сапары арандатушылыққа көбірек ұқсайды. Тайбэйға арналған америкалық ленд-лиз де солай. Ал 23 мамырда осы елдің президенті Джо Байден Қытай басып кірген жағдайда АҚШ армиясы Тайваньді қорғауға дайын екенін мәлімдеді.
АҚШ "Біртұтас Қытай" саясатын қолдаймыз дейді. Соған қарамастан, әскери көмек беруге дайын отыр. Вашингтон Тайваньге F-16 жойғыш ұшақтары, дүркіндетіп атудың реактивті жүйелері, кемеге қарсы зымырандарды, сондай-ақ, әскери барлаудың мәліметтерін беруге уәде етті. Қытай ондай ынтымақтастықты қаламайды. Ал Азия-Тынық мұхиты пен Солтүстік Америка аймағы үшін салдары қандай болатынын дөп басып айту қиын.
Қытай басшысы Си Цзиньпин Тайвань аралына қатысты ұстанымын ашық айтты. Тіпті, жақында АҚШ президенті Джозеф Байденмен телефон арқылы сөйлескенде: "Отпен ойнайтындар одан өздері қаза болады", - деп ескерту жасаған. Демек, Қытай арандатушылыққа қарсы күш қолданудан тайынбайды.
Нэнси Пелосидің азиялық турнесі басталған бойда Тайваньге жақын жерде АҚШ әскери-теңіз күшетерінің біраз бөлігі жиналып қалды. Бірнеше ұшақ тасығыш, олармен бірге жүретін ондаған кеме, жүздеген ұшақ, соның ішінде F-35B Lightning II де бар. Ал Қытай жақтан екі ұшақ тасығыш кеме теңізге шықты. Оңтүстік Қытай теңізінің жаңа аймағы "оқу-жаттығуларға байланысты" бес күнге жабылды. Осы елдің халық-азаттық армиясы оңтүстік-шығыста әскери күшін көбейтті. Тайваньнен 125 шақырым шалғай жердегі Лунтянь әуе базасында J-11 мен J-16 жойғыш ұшақтары, сондай-ақ, Ресейден сатып алынған Су-27 ұшақтары дайын тұр. Жағалаудың бойымен кемелерге қарсы кешендерді құрып қойды. Әрбіреуінде DF-17 гипердыбыстық зымырырандар бар. Бұдан бөлек, Фуцзянь провинциясында әскерилер мен әскери техниканың саны артты. Ол да Тайваньге жақын орналасқан, небәрі 130 шақырым. Қытайдың қарулы күштері теңізде бірнеше маневр жасап, 1 500 шақырым шалғай жердегі нысандарды гипердыбыстық зымырырандармен атқылап көрген.
Тайваньде ҚХР армиясына қарсы 480 америкалық танк, 2000 БТР, 600 өздігімен жүретін артиллериялық қондырғы, 1400 сүйретілетін қару, АН-64Е "Апач" пен АН-1W "Кобра" сынды 69 тікұшақ, 175 көпмақсатты тікұшақ, "Пэтриот" зениттік зымыран кешендері және тағы басқа әскери техника шығады. Бұдан бөлек, F-16 Fighting Falcon ұшақтар, ұшқышсыз аппараттар және сол жерде жасалатын кемелерге қарсы зымырандар бар.
Тайбэйдің өзінде 35 әскери бригада бар. Соның ішінде 25-сі – жаяу әскер, бесеуі – танк бригадасы, үшеуі – механикалық мақсаттағы әскер. Әскери-әуе күштерінде 90 мың адам қызмет етеді. Ал әскери-теңіз флотында 32,5 мың адам бар.
Қытай қазіргі арандатушылыққа жауап қайтарса, АҚШ-тың назары Тайваньге ауысады. Еуропадағы одақтастары соған қатты алаңдап отыр. Себебі алдағы жағдай ушығып кетсе, Украина мәселесіне басымдық берілмей қалады.
Ал АҚШ-тың бұрынғы қорғаныс министрі Маркс Марк Эспер Тайбэйда жоғары басшылықпен өткен кездесуден кейін Америкаға "Бір Қытай" саясатынан бас тарту қажеттігін мәлімдеді. Оның ойынша, Тайваньмен қауіпсіздік саласындағы қарым-қатынасты күшейту керек. "Бір Қытай саясатына 50 жыл болды, меніңше, оның маңыздылығы қалмады", - деді Эспер.
Жаңалықтар
0