Елде кейбір пойыздардың бағыты өзгерді
13:36 02.08.2022 (жаңартылды: 10:06 09.08.2023)
© пресс-служба АО "Пассажирские перевозки"Поезд зимой
© пресс-служба АО "Пассажирские перевозки"
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 2 тамыз – Sputnik. "Жолаушылар тасымалы" АҚ кейбір жолаушылар пойыздарының нөмірлері мен қатынау бағыттарының өзгергені туралы хабарлайды.
"Нұр-Сұлтан-Шымкент" бағыты бойынша:
1 қыркүйектен бастап әлеуметтік маңызы бар күнделікті №86/85 "Нұр-Сұлтан Нұрлы жол – Шымкент" пойызы;
1 қыркүйектен бастап стандартты вагондармен жасақталған №71/72 "Нұр-Сұлтан-1 – Шымкент" күнделікті қатынайтын коммерциялық пойызы ашылады.
Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 5 қыркүйегінен бастап №71/72 пойыздың "Нұр-Сұлтан Нұрлы жол – Шымкент" бағытындағы қатынасы өзгереді.
"Атырау-Алматы" бағыты бойынша:
1 қыркүйектен бастап стандартты вагондардан күн сайын қатынау кезеңділігімен №29/30 "Атырау-Алматы-2" коммерциялық пойызы;
3 қыркүйектен бастап әлеуметтік маңызы бар №41/42 "Алматы-2-Атырау" пойызы күн сайын қатынайтын болады.
Басқа бағыттар бойынша:
5 қыркүйектен бастап №10/9 пойыздың "Нұр-Сұлтан-1 – Алматы-1" бағытындағы қатынасы өзгереді;
5 қыркүйектен бастап құрамында Тальго вагондары бар (стандартты вагондардың орнына) №73/74 "Алматы-2 – Жезқазған" жедел пойызы күнара жиілігімен жүреді;
3 қыркүйектен бастап №69/70 "Алматы-2-Өскемен-1" Тальго коммерциялық пойызы тоқтайды.
Ұлттық тасымалдаушы жолаушылардан жол жүру құжаттарын (билеттерін) BILET.RAILWAYS.KZ сайты немесе "ҚТЖ билеттері" мобильді қосымшасы арқылы онлайн ресімдеуге болатынын атап өтті.