https://sputnik.kz/20220802/densaulyq-ministri-ashyq-26474764.html
Денсаулық министрі Ashyq қосымшасы қандай жағдайда енгізілетінін айтты
Денсаулық министрі Ashyq қосымшасы қандай жағдайда енгізілетінін айтты
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 2 тамыз – Sputnik. Үкімет отырысында денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Ashyq қосымшасы қандай жағдайда енгізілетінін нақтылады, деп хабарлайды... 02.08.2022, Sputnik Қазақстан
2022-08-02T10:21+0500
2022-08-02T10:21+0500
2023-08-09T10:14+0500
денсаулық
денсаулық сақтау министрлігі
https://sputnik.kz/img/07e5/08/0b/17833686_2:0:2999:1686_1920x0_80_0_0_38b24707ae79edc119e55b684be050a0.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 2 тамыз – Sputnik. Үкімет отырысында денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Ashyq қосымшасы қандай жағдайда енгізілетінін нақтылады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Ведомствоаралық комиссияның соңғы шешіміне сәйкес, "жасыл" және "сары" аймақта ешқандай шектеу шаралары жоқ. Бірақ санитарлық ережелер қатаң сақталуы шарт. Қоғамдық орындарда дезинфекция жасалады. Бетперде киюге ұсыныс жасалған. Ал "қызыл" аймақта шектеу шаралары денсаулық сақтау жүйесінің жүктемесіне қарай екі кезеңмен қабылданады. "Бірінші кезеңде R 1-ден артық болғанда, яғни, аурудың таралуы күшейген кезде және 100 мың тұрғынға шаққанда ауруханаға жатқызуы көрсеткіші 25-50 науқасқа дейін болған кезде бизнес шектеусіз жұмыс істейді. Бірақ жабық үй-жайларда және көліктің барлық түрінде бетперде кию міндетті болады. Екінші кезеңде R-ға қарамастан, ауруханаға жатқызу көрсеткіші 50 адамнан асқан кезде нысандарда Ashyq қосымшасы міндетті түрде пайдаланылады", - деді Ғиният. Бұдан бөлек, көпшілік шаралар мен бизнес нысандарға кіру жағынан 50 проценттік шектеу қойылады. Білім беру ұйымдарында қосымша шектеулер енгізіледі. Барлық ұйым қызметкерлерінің 30 проценті қашықтан жұмыс істеуге ауысады.Айта кетері, қазіргі кезде Нұр-Сұлтан қаласы "сары" аймақта тұр, қалғаны "жасыл" аймақта. Дегенмен, өңірлерде инфекцияның жұқтыру көрсеткіші артып келеді. Мәселен, соңғы екі аптаның ішінде Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар мен Ақмола облыстарында вирус жұқтырғандардың саны 6 есеге өскен.
https://sputnik.kz/20220802/densaulyq-saqtau-ministri-koronavirust-26473786.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/08/0b/17833686_376:0:2624:1686_1920x0_80_0_0_e423b8533c35370b15c257974ff75502.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
денсаулық сақтау министрлігі
денсаулық сақтау министрлігі
Денсаулық министрі Ashyq қосымшасы қандай жағдайда енгізілетінін айтты
10:21 02.08.2022 (жаңартылды: 10:14 09.08.2023) НҰР-СҰЛТАН, 2 тамыз – Sputnik. Үкімет отырысында денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Ashyq қосымшасы қандай жағдайда енгізілетінін нақтылады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Ведомствоаралық комиссияның соңғы шешіміне сәйкес, "жасыл" және "сары" аймақта ешқандай шектеу шаралары жоқ. Бірақ санитарлық ережелер қатаң сақталуы шарт. Қоғамдық орындарда дезинфекция жасалады. Бетперде киюге ұсыныс жасалған. Ал "қызыл" аймақта шектеу шаралары денсаулық сақтау жүйесінің жүктемесіне қарай екі кезеңмен қабылданады.
"Бірінші кезеңде R 1-ден артық болғанда, яғни, аурудың таралуы күшейген кезде және 100 мың тұрғынға шаққанда ауруханаға жатқызуы көрсеткіші 25-50 науқасқа дейін болған кезде бизнес шектеусіз жұмыс істейді. Бірақ жабық үй-жайларда және көліктің барлық түрінде бетперде кию міндетті болады. Екінші кезеңде R-ға қарамастан, ауруханаға жатқызу көрсеткіші 50 адамнан асқан кезде нысандарда Ashyq қосымшасы міндетті түрде пайдаланылады", - деді Ғиният.
Бұдан бөлек, көпшілік шаралар мен бизнес нысандарға кіру жағынан 50 проценттік шектеу қойылады. Білім беру ұйымдарында қосымша шектеулер енгізіледі. Барлық ұйым қызметкерлерінің 30 проценті қашықтан жұмыс істеуге ауысады.
Айта кетері, қазіргі кезде Нұр-Сұлтан қаласы "сары" аймақта тұр, қалғаны "жасыл" аймақта. Дегенмен, өңірлерде инфекцияның жұқтыру көрсеткіші артып келеді. Мәселен, соңғы екі аптаның ішінде Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар мен Ақмола облыстарында вирус жұқтырғандардың саны 6 есеге өскен.