https://sputnik.kz/20220802/bazar-duken-6-trln-tenge-zhumsagan-26478086.html
Ел тұрғындары жарты жылда базар мен дүкенде 6 трлн теңге жұмсаған
Ел тұрғындары жарты жылда базар мен дүкенде 6 трлн теңге жұмсаған
Sputnik Қазақстан
Өңірлер бойынша бөлшек сауда тауарларының басым бөлігі әдеттегідей Алматыға тиесілі 02.08.2022, Sputnik Қазақстан
2022-08-02T11:39+0500
2022-08-02T11:39+0500
2022-08-02T11:39+0500
сауда
тұрғындар
https://sputnik.kz/img/318/09/3180979_0:183:3505:2154_1920x0_80_0_0_1a42542d656e9396ff84cf30c260cad4.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 2 тамыз – Sputnik. Осы жылдың бірінші жартыжылдығында қазақстандықтар елдегі дүкендер мен базарларда 6 трлн теңгеден астам ақша жұмсады. Ranking.kz порталының мәліметінше, бірінші жартыжылдықтың қорытындысында бөлшек сауда көлемі 6,1 трлн теңгеге жетті. Бұл бір жыл бұрынғы ақшалай мәндегі көрсеткіштен 13,8 пайызға артық. Азық-түлік тауарларының бөлшек саудасы бір жылда 7,9 пайызға өсіп, 2 трлн теңгеге жетті. Ал азық-түлікке жатпайтын тауарлар 17 пайызға артып, 4,1 трлн теңгені құрады. Сауда кәсіпорындары мен ұйымдары 4,3 триллион теңгенің, жеке кәсіпкерлер, оның ішінде базарларда сауда жасайтындар 1,8 триллион теңгенің тауарын сатты. Өңірлер бойынша бөлшек сауда тауарларының басым бөлігі әдеттегідей Алматыға тиесілі және республикадағы көрсеткіштің 30,7 пайызын құрап отыр. Ақшамен есептегендегі көлемі бір жылда 10,7 пайызға өсіп, 1,9 трлн теңгеге жетті. Нұр-Сұлтан екінші орында тұр. Астанада сауда-саттық 16,8 пайызға ұлғайып, 711,2 млрд теңгені құрады. Үшінші орында тұрған Қарағанды облысында бөлшек сауда 5,5 пайызға өсіп, 506,7 млрд теңге болды. Ресми бөлшек сауданың ең аз көлемі жаңадан құрылған Ұлытау облысында тіркелді, небәрі 39 млрд теңге.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/318/09/3180979_194:0:3309:2336_1920x0_80_0_0_0c58de2e160cb7625e75699b37785ed4.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
сауда, тұрғындар
Ел тұрғындары жарты жылда базар мен дүкенде 6 трлн теңге жұмсаған
Өңірлер бойынша бөлшек сауда тауарларының басым бөлігі әдеттегідей Алматыға тиесілі
НҰР-СҰЛТАН, 2 тамыз – Sputnik. Осы жылдың бірінші жартыжылдығында қазақстандықтар елдегі дүкендер мен базарларда 6 трлн теңгеден астам ақша жұмсады.
Ranking.kz порталының мәліметінше, бірінші жартыжылдықтың қорытындысында бөлшек сауда көлемі 6,1 трлн теңгеге жетті. Бұл бір жыл бұрынғы ақшалай мәндегі көрсеткіштен 13,8 пайызға артық.
Азық-түлік тауарларының бөлшек саудасы бір жылда 7,9 пайызға өсіп, 2 трлн теңгеге жетті. Ал азық-түлікке жатпайтын тауарлар 17 пайызға артып, 4,1 трлн теңгені құрады. Сауда кәсіпорындары мен ұйымдары 4,3 триллион теңгенің, жеке кәсіпкерлер, оның ішінде базарларда сауда жасайтындар 1,8 триллион теңгенің тауарын сатты.
Өңірлер бойынша бөлшек сауда тауарларының басым бөлігі әдеттегідей Алматыға тиесілі және республикадағы көрсеткіштің 30,7 пайызын құрап отыр. Ақшамен есептегендегі көлемі бір жылда 10,7 пайызға өсіп, 1,9 трлн теңгеге жетті.
Нұр-Сұлтан екінші орында тұр. Астанада сауда-саттық 16,8 пайызға ұлғайып, 711,2 млрд теңгені құрады. Үшінші орында тұрған Қарағанды облысында бөлшек сауда 5,5 пайызға өсіп, 506,7 млрд теңге болды. Ресми бөлшек сауданың ең аз көлемі жаңадан құрылған Ұлытау облысында тіркелді, небәрі 39 млрд теңге.