Бауыржан Әленов Алматы облысы полиция департаментінің басшысы болды

© Пресс-служба ДП Алматинской областиАлматы облысы полиция департаментінің бастығы Бауыржан Әленов
Алматы облысы полиция департаментінің бастығы Бауыржан Әленов  - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.08.2022
Жазылу
ТАЛДЫҚОРҒАН, 2 тамыз – Sputnik. Президент әкімшілігінің келісімімен полиция полковнигі Бауыржан Әленов Алматы облысы полиция департаментінің бастығы болып тағайындалды. Жаңа басшыны жеке құрамға ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев таныстырды.
45 жастағы Бауыржан Әленов Көкшетау облысының тумасы. 2004 жылы "Фемида" заң институтын тәмамдаған, 2012 жылы Қарағанды ​​заң институтының магистр дәрежесін алды.
Ішкі істер органдарындағы қызметін 1997 жылдың мамыр айында бастады.
Ол өткен жылдың қаңтар айынан бастап Қазақстан ІІМ жедел қызмет департаментінің бастығы, оған дейін Қазақстан ІІМ жетінші департаментінің бастығы болған.
Алматы облысының полициясын осы жылдың қаңтар айынан бері басқарған Арыстанғани Заппаров 21 шілдеде Алматы полиция департаментінің бастығы болып тағайындалды.
Жаңалықтар
0