Жекешелендірудің кешенді жоспарына түзету енгізіледі

© PhotoАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.08.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 1 тамыз – Sputnik. Премьер-министрі Әлихан Смайылов Экономиканы жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысын өткізді.
Отырыста Жекешелендірудің 2025 жылға дейінгі кешенді жоспарын қайта қарау жөніндегі ұсыныстар қаралды, деп хабарлады үкімет басшысының баспасөз қызметі.
Бүгінгі таңда жекешелендіру жоспарына 721 ұйым енгізілген, оның ішінде 230-ы сатылып, тағы 50-ге жуығы тарату немесе қайта ұйымдастыру сатысында тұр.
"Бұл ретте активтерді баланстық құннан төмен сатуға тыйым салу, сатып алушы мен сатушының үлестес болуына жол бермеу, стратегиялық маңызды нысандарға мемлекеттік бақылауды сақтау бойынша заңнамалық түзетулер пысықталып жатыр", - делінген хабарламада
Осыған байланысты жаңа тәсілдер негізінде жекешелендіру тізбесін өзектендіру жүргізілді. Осылайша, Жекешелендіру жоспарына бәсекелестік ортаға беру экономикаға оң септігін тигізетін жаңа ұйымдарды енгізу ұсынылып отыр.
Компаниялардың бір бөлігін "Самұрық-Қазына" қорының портфельдік компанияларының IPO арқылы нарыққа шығару жоспарланған.
Жалпы премьер-министр Жекешелендірудің кешенді жоспарына ұсынылған түзетулерді мақұлдады.
Жаңалықтар
0