https://sputnik.kz/20220801/tamyzda-ush-ret-kun-suytady-26453982.html
Тамызда үш рет күн суытады
Тамызда үш рет күн суытады
Sputnik Қазақстан
Тамыз айында елдің басым бөлігінде қатты ыстық болмайды 01.08.2022, Sputnik Қазақстан
2022-08-01T11:53+0500
2022-08-01T11:53+0500
2022-08-01T11:53+0500
өңірлер
тамыз
күн
https://sputnik.kz/img/07e5/07/10/17620294_0:0:3143:1768_1920x0_80_0_0_2a85189cec89a28e2f5f967ea73ebc0e.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 1 тамыз – Sputnik. "Қазгидромет" мемлекеттік қызметі биыл тамыз айына арналған ауа райы болжамын дайындады.Тамыз елдің солтүстік өңірлерінде салқын ауа райымен басталады. Айдың басында республиканың басым бөлігіндегі ауа райы құбылмалы болады. Жаңбыр жауады, елдің шығысында найзағай, бұршақ болады. Желдің екпіні 15-25 м/с-ке дейін күшейеді, солтүстік аймақтарда түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін.Айдың басында солтүстік суық антициклонның әсеріне байланысты елдің солтүстік жартысында күн салқындайды. Түнде + 7 +15°С дейін, күндіз +17 +22°С шамасында.Алайда бірінші онкүндіктің соңында суық антициклон ығысып, кнүн жылынады. Ауа температурасы түнде +18+23°С, күндіз +25+33°С-қа дейін көтеріледі. Оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде бірінші онкүндік ішінде температура біртіндеп жоғарылайды. Түнде +15+20°С-тан +20+25°С-қа дейін, күндіз +25+32°С-тан +33+40°С-қа дейін көтеріледі.Айдың ортасында республиканың солтүстік жартысына қайтадан суық ауа массалары түседі. Оның әсерінен ауа райы құбылмалы болады. Дегенмен суық ұзаққа созылмайды. Ауа температурасы түнде +10+18°С-тан +18+25°С-қа дейін, күндіз +17+22°С-тан +25+30°с-қа дейінгі шамада. Ал оңтүстік өңірлерде негізінен +28+38°С.Жаздың соңғы айының соңы күзге ұласады. Арктикалық теңіз аудандарынан суық ауа массалары әсерінен елдің басым бөлігіндеауа температурасы төмендейді. Елдің солтүстік жартысында түнде ауа температурасы +2+12°С-қа дейін, күндіз +15+20°С-қа дейін, оңтүстік жартысында түнде +10+15°С-қа дейін, күндіз +20+27°С-қа дейін төмендейді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/07/10/17620294_0:0:2729:2047_1920x0_80_0_0_b3cdf8b8bd9943ab8e37988a3fa500dc.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
тамыз август 2022 ауа райы прогноз погоды
тамыз август 2022 ауа райы прогноз погоды
Тамызда үш рет күн суытады
Тамыз айында елдің басым бөлігінде қатты ыстық болмайды
НҰР-СҰЛТАН, 1 тамыз – Sputnik. "Қазгидромет" мемлекеттік қызметі биыл тамыз айына арналған ауа райы болжамын дайындады.
Тамыз елдің солтүстік өңірлерінде салқын ауа райымен басталады. Айдың басында республиканың басым бөлігіндегі ауа райы құбылмалы болады. Жаңбыр жауады, елдің шығысында найзағай, бұршақ болады. Желдің екпіні 15-25 м/с-ке дейін күшейеді, солтүстік аймақтарда түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін.
Айдың басында солтүстік суық антициклонның әсеріне байланысты елдің солтүстік жартысында күн салқындайды. Түнде + 7 +15°С дейін, күндіз +17 +22°С шамасында.
Алайда бірінші онкүндіктің соңында суық антициклон ығысып, кнүн жылынады. Ауа температурасы түнде +18+23°С, күндіз +25+33°С-қа дейін көтеріледі. Оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде бірінші онкүндік ішінде температура біртіндеп жоғарылайды. Түнде +15+20°С-тан +20+25°С-қа дейін, күндіз +25+32°С-тан +33+40°С-қа дейін көтеріледі.
Айдың ортасында республиканың солтүстік жартысына қайтадан суық ауа массалары түседі. Оның әсерінен ауа райы құбылмалы болады. Дегенмен суық ұзаққа созылмайды. Ауа температурасы түнде +10+18°С-тан +18+25°С-қа дейін, күндіз +17+22°С-тан +25+30°с-қа дейінгі шамада. Ал оңтүстік өңірлерде негізінен +28+38°С.
Жаздың соңғы айының соңы күзге ұласады. Арктикалық теңіз аудандарынан суық ауа массалары әсерінен елдің басым бөлігіндеауа температурасы төмендейді. Елдің солтүстік жартысында түнде ауа температурасы +2+12°С-қа дейін, күндіз +15+20°С-қа дейін, оңтүстік жартысында түнде +10+15°С-қа дейін, күндіз +20+27°С-қа дейін төмендейді.