Өңірлер

СҚО-да мамыр айында жоғалып кеткен ер адамның денесі табылды

© департамент полиции Северо-Казахстанской областиСҚО-да мамыр айында жоғалып кеткен ер адамның денесі табылды
СҚО-да мамыр айында жоғалып кеткен ер адамның денесі табылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.08.2022
Жазылу
Оның өліміне күдікті ретінде полицияға айыбын мойындап жүгінген 43 жастағы ауыл тұрғыны ұсталды
ПЕТРОПАВЛ, 1 тамыз – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысында мамыр айынан бері полицейлер, еріктілер және жанашыр адамдар іздеген ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
© департамент полиции Северо-Казахстанской областиСҚО-да мамыр айында жоғалып кеткен ер адамның денесі табылды
Пропавшего жителя сел Келлеровка нашли мертвым - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.08.2022
СҚО-да мамыр айында жоғалып кеткен ер адамның денесі табылды
Тайынша ауданы Келлеровка ауылының 57 жастағы тұрғынының туыстары 8 мамырда полицияға жүгінген. Бастапқы іздестіру шаралары нәтиже бермеді. Сондықтан тәртіп сақшылары жергілікті тұрғындарды көмекке шақырды. Еріктілер, белсенділер, мұғалімдер, өрт сөндірушілер, жергілікті әкімдік, "Қазақтелеком" қызметкерлері іздеуге қатысты.
Полиция бөлімшесінің жеке құрамымен бірге олар аумақты секторларға бөліп, іздеді. Сонымен қатар Lider.kz еріктілер қозғалысының өкілдері әлеуметтік желілерде хабар-ошарсыз кеткен адам туралы ақпарат таратты.
Із-түзсіз жоғалған Сергей Багинскийдің денесі Келлеровка ауылында тек шілде айының ортасында табылды. Өлімнің себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды.
"Қылмыс жасады деген күдікпен полицияға өзі келген марқұмның 43 жастағы жерлесі ұсталды. Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабының 1-бөлігіне сәйкес ("кісі өлтіру") сотқа дейінгі тергеу басталды", - деп хабарлады Sputnik Қазақстанға облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша істің барлық мән-жайды анықтауға бағытталған қажетті тергеу жүргізілуде. Күдіктіге қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Тергеу амалдары жалғасып жатыр.
Жаңалықтар
0