Экономика

Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттық көлемі ұлғайды

© Photo : Пресс-служба Национального банка КазахстанаЗдание Национального банка Казахстана
Здание Национального банка Казахстана - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.08.2022
Жазылу
Ұлттық қордан сату үлесі сауда-саттықтың жалпы көлемінің 25,3% құрады
НҰР-СҰЛТАН, 1 тамыз – Sputnik. Шілдеде Ұлттық банк валюталық интервенцияларды, сондай-ақ бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры мен сенімгерлік басқарудағы басқа да қорлардың зейнетақы активтері үшін шетел валютасын сатып алу немесе сату операцияларын жүргізген жоқ.
"Шілденің қорытындысы бойынша, теңге бағамы 1 доллар үшін 477,07 теңгеге дейін көтеріліп, 1,5%-ға өзгерді. Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттықтың орташа күндік көлемі бір айда 96,4 млн АҚШ долларынан 118,6 млн АҚШ долларына дейін ұлғайды. Шілдеде сауда-саттықтың жалпы көлемі 2,4 млрд АҚШ долларын құрады. Валюта нарығына квазимемлекеттік сектор субъектілерінің валюталық түсімді сатуы қолдау көрсетті. Олар шамамен 543,9 млн АҚШ долларын құрады", - делінген Ұлттық банк хабарламасында.
Ұлттық банк хабарлауынша, квазимемлекеттік сектор компаниялары екінші деңгейлі банктер арқылы валюта нарығында сауданы дербес жүзеге асырады.
"Шілдеде Ұлттық қордан республикалық бюджетке трансферттерді қамтамасыз ету үшін шетел валютасын сату 599,2 млн АҚШ долларын құрады. Ұлттық қордан сату үлесі сауда-саттықтың жалпы көлемінің 25,3% құрады", - делінген ақпаратта.
Жаңалықтар
0