https://sputnik.kz/20220801/petropavl-sayazhay-ungyma-munay-26465834.html
Петропавлдағы саяжай ұңғымаларының бірінен мұнай өнімі табылды
Петропавлдағы саяжай ұңғымаларының бірінен мұнай өнімі табылды
Sputnik Қазақстан
Ұңғымалардың бірінде мұнай өнімдерінің шекті рұқсат етілген мөлшері он мың еседен асты 01.08.2022, Sputnik Қазақстан
2022-08-01T17:34+0500
2022-08-01T17:34+0500
2022-08-01T17:34+0500
мұнай
саяжай
https://sputnik.kz/img/07e5/07/08/17556218_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_680a396d5d1ee9d97c11d10726f1a2a4.jpg
ПЕТРОПАВЛ, 1 тамыз – Sputnik. Экологтар Петропавл қаласындағы саяжайдың ұңғымасынан судың орнына мұнай өнімдеріне ұқсас сұйықтық тапты, деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісі.Еске салсақ, "Ромашка" бау-бақша серіктестігінде ұңғымадан судың орнына бензин немесе "соляркаға" ұқсас сұйықтық аққан. Сұйықтықтың бензин сияқты иісі болғанымен, ол бірнеше секунд ішінде лап етіп жанған. Бұған алаңдаған саяжайлықтар экологтарға жүгінді."27 шілдеде департаменттің сынақ зертханасының мамандары "Ромашка" бау-бақша серіктестігінің аумағында жерасты суының үш сынамасын алды.Айта кету керек, судағы мұнай өнімдерінің шекті рұқсат етілген мөлшері нормативтермен реттеледі. Нормативті мөлшері төмендегідей:Яғни, саяжай суындағы мұнай өнімдерінің мөлшері апатты түрде асып кеткен. Сонымен қатар мұнайдағы полиароматикалық көмірсутектер канцерогендер болып табылады. Сондықтан олар суға түскенде қауіп тудырады.Апаттың ауқымы су құрамындағы мұнайлы заттың уақыты мен концентрациясына байланысты. Қалай болғанда да, экологияға ұзақ мерзімде теріс әсер етеді, ал құрамында мұнай өнімдері бар ауыз суды пайдалану ішкі ағзалардың қатерлі ісігін, ас қорыту және эндокриндік жүйелер ауруларын тудырады, ауыз қуысы мен ішек ауруларының дамуына жол ашады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/07/08/17556218_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_7b09cdb2307236d7c3cc2274acd161c5.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мұнай, саяжай
Петропавлдағы саяжай ұңғымаларының бірінен мұнай өнімі табылды
Ұңғымалардың бірінде мұнай өнімдерінің шекті рұқсат етілген мөлшері он мың еседен асты
ПЕТРОПАВЛ, 1 тамыз – Sputnik. Экологтар Петропавл қаласындағы саяжайдың ұңғымасынан судың орнына мұнай өнімдеріне ұқсас сұйықтық тапты, деп хабарлады
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Еске салсақ, "Ромашка" бау-бақша серіктестігінде ұңғымадан судың орнына бензин немесе "соляркаға" ұқсас сұйықтық аққан. Сұйықтықтың бензин сияқты иісі болғанымен, ол бірнеше секунд ішінде лап етіп жанған. Бұған алаңдаған саяжайлықтар экологтарға жүгінді.
"27 шілдеде департаменттің сынақ зертханасының мамандары "Ромашка" бау-бақша серіктестігінің аумағында жерасты суының үш сынамасын алды.
"Суды талдау нәтижесі бойынша мынадай мөлшерде: бақша серіктестігі базасының (кеңсесінің) аумағындағы ұңғымадан 0,243 мг/дм3; бұрын ұңғымадан су алынған ыдыстан 1,25 мг/дм3; 25-желі, №5 бақша серіктестігі учаскесі мекенжайында орналасқан ұңғымадан 2033 мг/дм3 мұнай өнімдерінің концентрациясы анықталды ", - деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісіне облыстық экология департаментінің баспасөз қызметі.
Айта кету керек, судағы мұнай өнімдерінің шекті рұқсат етілген мөлшері нормативтермен реттеледі. Нормативті мөлшері төмендегідей:
ауыз су үшін – 0,1 мг/дм3;
балық өсіру және шаруашылық-тұрмыстық мақсаттағы объектілер үшін – 0,05 мг/дм3.
Яғни, саяжай суындағы мұнай өнімдерінің мөлшері апатты түрде асып кеткен. Сонымен қатар мұнайдағы полиароматикалық көмірсутектер канцерогендер болып табылады. Сондықтан олар суға түскенде қауіп тудырады.
Апаттың ауқымы су құрамындағы мұнайлы заттың уақыты мен концентрациясына байланысты. Қалай болғанда да, экологияға ұзақ мерзімде теріс әсер етеді, ал құрамында мұнай өнімдері бар ауыз суды пайдалану ішкі ағзалардың қатерлі ісігін, ас қорыту және эндокриндік жүйелер ауруларын тудырады, ауыз қуысы мен ішек ауруларының дамуына жол ашады.