Үйі тұруға жарамай қалған көпбалалы отбасы сотта жеңіп шықты

© // Михаил ВоскресенскийСу тасқыны, архивтегі фото
Су тасқыны, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.08.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 1 тамыз – Sputnik. Павлодарда үйін су басқан көпбалалы отбасы сотта жеңіп шықты.
Құбыр жарылып, жер үйді су басқандықтан сонда тұратын отбасы жауапты кәсіпорынды сотқа берген болатын, деп хабарлады Pavlodarnews.kz.

Еске сала кетейік, 2021 жылы қыс қарсаңында "Зеленстрой" шағын ауданында қаладағы ірі кәсіпорынның біріне су жеткізетін құбыр жарылып, Шашкин көшесі, 31/1 мекенжайындағы үйді су басқан. Үйі тұруға жарамай қалғандықтан, отбасы басқа пәтер жалдауға мәжбүр болған.

16 жасқа толмаған 4 баланың анасы Нұржан Кәмесханқызы отбасымен "Павлодар" қалалық су арнасы ЖШС-ін сотқа берді.
"Сот 7 айға созылды. Қалалық сот 2 отырыс өткізіп, кәсіпорынды кінәлі деп таныды. Суға жауапты кәсіпорын шешіммен келіспей, облыстық сотқа берді. Облыстық сотта да біз жеңіп шықты"қ, - деді Нұржан Кәмесханқызы.
Сот шешімімен "Павлодар" қалалық су арнасы ЖШС үйін су басқан отбасының пәтер жалдау шығынын өтейтін болды.

Көпбалалы отбасы келісімшартпен 1 маусымға дейін пәтер жалдаған. Енді келісімді ұзартып, желтоқсанның 1-іне дейін созбақ.
"Осындай біз секілді жағдайға қалған адамдарға шындықты дәлелдеп шығуға болатынын көрсеткім келеді. Күрделі мәселе болған соң үнсіз қалып жататындар да бар. Біздің сотта жеңіп шығуымызға әсер еткен заңгер Әділет Резуановқа да айтар алғысым шексіз", - деді Нұржан Кәмесханқызы.
Сотта жеңіп шыққан отбасы 1 желтоқсанға дейін үйлерін жөндеп, кіруді көздеп отыр. Ендігі жоспар – кәсіпорыннан үйге келген шығынды талап ету.
Жаңалықтар
0