https://sputnik.kz/20220801/bir-zhylda-azyq-tulik-bagasy-197-qymbattady-26461746.html
Бір жылда азық-түлік бағасы 19,7% қымбаттады
Бір жылда азық-түлік бағасы 19,7% қымбаттады
Sputnik Қазақстан
2022 жылдың шілдесінде инфляция жылдық есептеуде 15%, бір айда 1,1% құрады 01.08.2022, Sputnik Қазақстан
2022-08-01T21:50+0500
2022-08-01T21:50+0500
2023-08-10T17:15+0500
азық-түлік
https://sputnik.kz/img/07e5/02/18/16381538_0:157:2997:1842_1920x0_80_0_0_d146e0355c70f6d9b4e0b60bcfa51d79.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 1 тамыз - Sputnik. Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі ұлттық статистика бюросы елдегі инфляция туралы деректерді жариялады.Ресми мәліметке сәйкес, 2022 жылдың шілдесінде азық-түлік тауарларының бағасы өткен жылғы шілдемен салыстырғанда 19,7%-ға өсті, азық-түлікке жатпайтын тауарлардың құны 14,2%-ға, ақылы қызметтер 9,2%-ға көтерілді.Азық-түлік нарығында құмшекер 87,3%, басты пияз 71,7%, ұн 36,6% қымбаттады. Ал сәбіз бағасы 29,6%, қызылша 25,2% төмендеді.2022 жылдың шілдесінде (2021 жылғы шілдемен салстырғанда) азық-түлікке жатпайтын тауарлардың бағасі14,2% өсті.Жеке қолданылатын тауарлар – 26,3%, жуу және тазалау заттары – 23,5%, тұрмыс құралдары – 22,6%, құрылыс материалдары – 20,5%, жиһаз және үйге қажетті заттар – 19,1%, автомобильдер– 15,2%, ыдыс – 14,8%, тоқыма бұйымдары – 11,5%, фармацевтикалық өнімдер 9,7% қымбаттады.Бір жылда ақылы қызметтер бағасы 9,2% өсті. Кешенді демалу ұйымдарының бағасы – 19,1%, қоғамдық тамақтандыру қызметтері – 16,8%, денсаулық сақтау қызметтері – 15%, санаторий қызметтері – 14,1%, шаштараздар мен жеке қызмет көрсету орындары қызметтері – 13%, қонақ үй қызметтері 5,9% қымбаттады. Жолаушылар көлігі қызметтерінің құны 5,5% көтерілді.Бюроның баға статистикасы департаментінің директоры Қуанышбек Жақыпбекұлының айтуынша, тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында тарифтер қымбаттаумен қоса төмендеген."Былтырғы шілдемен салыстырғанда өткен шілдеде электр қуаты – 2,4%, қоқыс шығару, тарату желілері арқылы тасымалданатын газ тарифі 1,8% жоғарылады, ал орталықтан жылу беру қызметіне тариф 2,3%-ға, ыстық суға 1,3%-ға, суды бұру үшін 0,5%-ға төмендеген", – деп атап өтті Қуанышбек Жақыпбекұлы.
https://sputnik.kz/20220714/inflyatsiya-toqaev-26117818.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/02/18/16381538_164:0:2831:2000_1920x0_80_0_0_b5c2eb0097f6eb715fe020e9c6c444dc.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
азық-түлік
Бір жылда азық-түлік бағасы 19,7% қымбаттады
21:50 01.08.2022 (жаңартылды: 17:15 10.08.2023) 2022 жылдың шілдесінде инфляция жылдық есептеуде 15%, бір айда 1,1% құрады
НҰР-СҰЛТАН, 1 тамыз - Sputnik. Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі ұлттық статистика бюросы елдегі инфляция туралы деректерді жариялады.
Ресми мәліметке сәйкес, 2022 жылдың шілдесінде азық-түлік тауарларының бағасы өткен жылғы шілдемен салыстырғанда 19,7%-ға өсті, азық-түлікке жатпайтын тауарлардың құны 14,2%-ға, ақылы қызметтер 9,2%-ға көтерілді.
Азық-түлік нарығында құмшекер 87,3%, басты пияз 71,7%, ұн 36,6% қымбаттады. Ал сәбіз бағасы 29,6%, қызылша 25,2% төмендеді.
2022 жылдың шілдесінде (2021 жылғы шілдемен салстырғанда) азық-түлікке жатпайтын тауарлардың бағасі14,2% өсті.
Жеке қолданылатын тауарлар – 26,3%, жуу және тазалау заттары – 23,5%, тұрмыс құралдары – 22,6%, құрылыс материалдары – 20,5%, жиһаз және үйге қажетті заттар – 19,1%, автомобильдер– 15,2%, ыдыс – 14,8%, тоқыма бұйымдары – 11,5%, фармацевтикалық өнімдер 9,7% қымбаттады.
Бір жылда ақылы қызметтер бағасы 9,2% өсті. Кешенді демалу ұйымдарының бағасы – 19,1%, қоғамдық тамақтандыру қызметтері – 16,8%, денсаулық сақтау қызметтері – 15%, санаторий қызметтері – 14,1%, шаштараздар мен жеке қызмет көрсету орындары қызметтері – 13%, қонақ үй қызметтері 5,9% қымбаттады. Жолаушылар көлігі қызметтерінің құны 5,5% көтерілді.
Бюроның баға статистикасы департаментінің директоры Қуанышбек Жақыпбекұлының айтуынша, тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында тарифтер қымбаттаумен қоса төмендеген.
"Былтырғы шілдемен салыстырғанда өткен шілдеде электр қуаты – 2,4%, қоқыс шығару, тарату желілері арқылы тасымалданатын газ тарифі 1,8% жоғарылады, ал орталықтан жылу беру қызметіне тариф 2,3%-ға, ыстық суға 1,3%-ға, суды бұру үшін 0,5%-ға төмендеген", – деп атап өтті Қуанышбек Жақыпбекұлы.