https://sputnik.kz/20220731/almatyda-zhyl-basynan-beri-zheti-ret-adam-saudasynyn-zholy-kesildi-26444628.html
Алматыда жыл басынан бері жеті рет адам саудасының жолы кесілді
Алматыда жыл басынан бері жеті рет адам саудасының жолы кесілді
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 31 шілде – Sputnik. Алматы полицейлері жыл басынан бері адам саудасы бойынша жеті фактінің жолын кесті, деп хабарлады polisia.kz. 31.07.2022, Sputnik Қазақстан
2022-07-31T16:51+0500
2022-07-31T16:51+0500
2022-07-31T16:51+0500
адам саудасы
https://sputnik.kz/img/888/36/8883620_0:148:1920:1228_1920x0_80_0_0_278004c31cab832dfb33a7a9fffa2e86.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 31 шілде – Sputnik. Алматы полицейлері жыл басынан бері адам саудасы бойынша жеті фактінің жолын кесті, деп хабарлады polisia.kz."Тек биылғы жылдың басынан бері біздің бөлімшенің қызметкерлері адам саудасына қатысты жеті қылмыстық құқықбұзушылықты анықтады. Атап айтқанда, бес дерек – жезөкшелікпен айналысуға арналған үйді ұйымдастыру және ұстау, кәмелетке толмаған адамды жезөкшелікпен айналысуға тартудың бір дерегі және жаңа туған сәбиді сатуға оқталу. Қазіргі уақытта аталған эпизодтар бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Кінәлілер жасаған әрекеттері үшін заң аясында қатаң жауап беретін болады", – деді Алматы қаласы Криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары Руслан Смағұлов. Сонымен қатар, ол адам саудасымен күресте қоғам мен үкіметтік емес ұйымдардың маңызды рөліне тоқталды. Әрбір адам еркіндік құқығы бұзылса не істеу керектігін білуі үшін халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын кеңінен жүргізу керек.Полиция қызметкерлері мен "Родник" қоғамдық қорының өкілдері көші-қон қызметі орталығында белсенді ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. "Мен адам саудасына қарсымын" науқаны аясында қазақ, орыс, өзбек, қырғыз, тәжік тілдерінде ақпараттық материалдар таратылды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/888/36/8883620_0:0:1920:1440_1920x0_80_0_0_b9a82b00eb4c6a2db4c45ded135eabfa.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
адам саудасы
Алматыда жыл басынан бері жеті рет адам саудасының жолы кесілді
НҰР-СҰЛТАН, 31 шілде – Sputnik. Алматы полицейлері жыл басынан бері адам саудасы бойынша жеті фактінің жолын кесті, деп хабарлады
polisia.kz. "Тек биылғы жылдың басынан бері біздің бөлімшенің қызметкерлері адам саудасына қатысты жеті қылмыстық құқықбұзушылықты анықтады. Атап айтқанда, бес дерек – жезөкшелікпен айналысуға арналған үйді ұйымдастыру және ұстау, кәмелетке толмаған адамды жезөкшелікпен айналысуға тартудың бір дерегі және жаңа туған сәбиді сатуға оқталу. Қазіргі уақытта аталған эпизодтар бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Кінәлілер жасаған әрекеттері үшін заң аясында қатаң жауап беретін болады", – деді Алматы қаласы Криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары Руслан Смағұлов.
Сонымен қатар, ол адам саудасымен күресте қоғам мен үкіметтік емес ұйымдардың маңызды рөліне тоқталды. Әрбір адам еркіндік құқығы бұзылса не істеу керектігін білуі үшін халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын кеңінен жүргізу керек.
Полиция қызметкерлері мен "Родник" қоғамдық қорының өкілдері көші-қон қызметі орталығында белсенді ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. "Мен адам саудасына қарсымын" науқаны аясында қазақ, орыс, өзбек, қырғыз, тәжік тілдерінде ақпараттық материалдар таратылды.