Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

"Ураган" дүркіндетіп ату реактивті жүйесінен зымыран ұшырылды

© Photo : Репортер Filatov"Лепесток" жаяу әскерге қарсы миналары
Лепесток жаяу әскерге қарсы миналары - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.07.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 30 шілде – Sputnik. Украина әскері сағат 12:39-да Донецкті жаяу әскерге қарсы миналармен жарақталған зымыранмен атқылады, деп хабарлады РИА Новости ДХР өкілдігіне сілтеме жасап.
"Украина қарулы құрылымдары Донецк қаласын атқылады: БМ-27 "Ураган" дүркіндетіп ату реактивті жүйесінен 9М27К3 зымыраны ("Лепесток" жаяу әскерге қарсы миналарымен жарақталған) ұшырылды", - делінген өкілдіктің Telegram-каналындағы хабарламасында.
Сондай-ақ Донецкінің Петровский ауданы сағат 13.17-де 152 мм калибрлі үш снарядпен атқыланған. Өкілдіктің мәліметінше, сағат 13.20-да қаланың Куйбышев ауданына алты снаряд түскен.
Кеңестік ПФМ-1С миналары жерде көзге көріне бермейді және нысана датчигін басқан сәтте жарылып кетеді, ол аяқтың төменгі бөлігін жарақаттау арқылы зақым келтіреді. Бұл миналар күн сәулесінен қызып кеткенде немесе басқа жағдайларда өздігінен жарылуы мүмкін.
Жаңалықтар
0