Алматылық полицейлер адам саудасына қатысты 7 қылмысты ашты

© pixabay.comИллюстративті фото
Иллюстративті фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.07.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 30 шілде – Sputnik. Алматылық полицейлер жыл басынан бері адам саудасына қатысты жеті фактінің жолын кесті, деп хабарлады Polisia.kz.
Қалалық криминалдық полиция Дүниежүзілік адам саудасына қарсы күрес күніне орай осындай мәліметтерді келтіріп отыр.

"Жыл басынан бері біздің бөлімшенің қызметкерлері адам саудасына қатысты жеті қылмыстық құқық бұзушылықты анықтады. Атап айтқанда, оның бесеуі жезөкшелікпен айналысуға арналған үйді ұйымдастыру және ұстауға, біреуі кәмелетке толмаған адамды жезөкшелікке тартуға, тағы біреуі жаңа туған сәбиді сатуға оқталуға қатысты болды", – деді Алматы қаласы криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары Руслан Смағұлов.
Қазіргі уақытта аталған эпизодтар бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Кінәлілер заң аясында қатаң жауап береді.
Сонымен қатар Смағұлов адам саудасымен күресте қоғам мен үкіметтік емес ұйымдардың рөлі маңызды екенін атап өтті. Олар әрбір адам еркіндік құқығы бұзылса не істеу керектігін білуі үшін халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын кеңінен жүргізіп келеді.
Жаңалықтар
0