https://sputnik.kz/20220729/turkistan-oblysy-qosalqy-stantsiya-26429699.html
Түркістан облысында құны 10 млрд теңгеге жуықтайтын қосалқы станция ашылды
Түркістан облысында құны 10 млрд теңгеге жуықтайтын қосалқы станция ашылды
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 29 шілде – Sputnik. Түркістан облысында қуаты 220 кВ болатын "Орталық" қосалқы станциясы пайдалануға берілді. Ол Түркістан қаласы мен Сауран... 29.07.2022, Sputnik Қазақстан
2022-07-29T20:39+0500
2022-07-29T20:39+0500
2022-07-29T20:39+0500
түркістан облысы
https://sputnik.kz/img/07e6/07/1d/26428557_0:109:2048:1261_1920x0_80_0_0_a12b3caa9a48e53f51c97a881eac4d8f.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 29 шілде – Sputnik. Түркістан облысында қуаты 220 кВ болатын "Орталық" қосалқы станциясы пайдалануға берілді. Ол Түркістан қаласы мен Сауран ауданының 300 мыңнан астам тұрғынын сапалы электр энергиясымен қамтамасыз етеді.9,93 млрд теңгенің жобасын "KEGOC" АҚ өз қаражаты есебінен жүзеге асырды.Қосалқы станцияның қуаты Түркістанның жазғы тұтыну көлемін үш есеге арттыра алады."KEGOC" АҚ құрылысты 2019-2022 жылдары жүргізіп, станцияны пайдалануға берді. Қосалқы станцияға кернеуі 110кВ және одан төмен жергілікті тарату электр желісі қосылатын болады.Станцияда заман талабына сай озық технологиялар қолданылған. Энергетикалық нысанға "Яссы", "Солтүстік", "Коммунальная", "Сауран" қосалқы станцияларын және 50 МВт жылу энергия орталығын (ЖЭО) қосу жұмыстары жүріп жатыр.Түркістан облысы әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, қосалқы станция арқылы Түркістан қаласы мен Сауран ауданының 300 мыңнан астам тұрғыны, әлеуметтік, шағын және орта бизнес нысандары сапалы электр энергиясымен қамтамасыз етіледі. Құрылыс кезінде облыстың 100-ден астам тұрғыны жұмыспен қамтылса, қазір станцияда 10 адам тұрақты жұмысқа орналасқан.
түркістан облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/07/1d/26428557_112:0:1937:1369_1920x0_80_0_0_1f9eee697079f390426524ba317fedec.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
түркістан облысы
НҰР-СҰЛТАН, 29 шілде – Sputnik. Түркістан облысында қуаты 220 кВ болатын "Орталық" қосалқы станциясы пайдалануға берілді. Ол Түркістан қаласы мен Сауран ауданының 300 мыңнан астам тұрғынын сапалы электр энергиясымен қамтамасыз етеді.
9,93 млрд теңгенің жобасын "KEGOC" АҚ өз қаражаты есебінен жүзеге асырды.
Қосалқы станцияның қуаты Түркістанның жазғы тұтыну көлемін үш есеге арттыра алады.
"Жаңа қосалқы станция Түркістан энергия торабын қосымша электрмен жабдықтау орталығы болады. Осының арқасында жергілікті электр желісін дамыту үшін жағдай жасалады, өңірлік желінің қажетті өткізу қабілеті қамтамасыз етіледі", — деді "KEGOC" АҚ басқарма төрағасы Қаныш Молдабаев.
"KEGOC" АҚ құрылысты 2019-2022 жылдары жүргізіп, станцияны пайдалануға берді. Қосалқы станцияға кернеуі 110кВ және одан төмен жергілікті тарату электр желісі қосылатын болады.
Станцияда заман талабына сай озық технологиялар қолданылған. Энергетикалық нысанға "Яссы", "Солтүстік", "Коммунальная", "Сауран" қосалқы станцияларын және 50 МВт жылу энергия орталығын (ЖЭО) қосу жұмыстары жүріп жатыр.
Түркістан облысы әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, қосалқы станция арқылы Түркістан қаласы мен Сауран ауданының 300 мыңнан астам тұрғыны, әлеуметтік, шағын және орта бизнес нысандары сапалы электр энергиясымен қамтамасыз етіледі. Құрылыс кезінде облыстың 100-ден астам тұрғыны жұмыспен қамтылса, қазір станцияда 10 адам тұрақты жұмысқа орналасқан.