Видео

"Тур де Франста" ондаған велошабандоз соқтығысып құлады - видео

Жазылу
2022 жылы алғашқы ресми Tour de France Femmes өткізілді
НҰР-СҰЛТАН, 29 шілде – Sputnik. "Тур де Франс" әйелдер арасындағы дебюттік веложарысының ондаған қатысушысы апатқа ұшырады. Оқиға соңғы 30 шақырымдық қашықтықта болған. Спортшылар Бар-ле-Дюктен Сен-Дье-де-Вож қаласына дейін 175,6 шақырым жүріп өтпек болған.
Пелотонның алдында келе жатқан шабандоздың бірі құлап қалған. Бірнеше секунд ішінде тағы ондаған спортшының велосипеді дөңгелектерімен бір-біріне ілінді.
Барлығы алған жарақаттарына байланысты жарысты жалғастыра алмады. Тректегі велоспорттан Әлем чемпионы Лаура Зюссмильге екі омыртқаның сынуы, басқа шабандоздарға қол мен бұғананың сынуы, сондай-ақ бас сүйек-ми жарақаты диагнозы қойылды.
"Тур де Франстың" тек қана әйелдер арасындағы ауқымды жарысы тарихта алғаш рет өткізіліп отыр. Бұған дейін Францияда ерлердің көпкүндік баламаларын ұйымдастыруға тырысты. Ерлер турнирі кезінде әйелдер жарысын өткізді. Алайда 2022 жылы алғашқы ресми Tour de France Femmes іске қосылды.
Жаңалықтар
0