Степногорск қаласы судың астында қалды – видео

© SputnikСтепногорск қаласында су тасқыны болды
Степногорск қаласында су тасқыны болды - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.07.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 29 шілде – Sputnik. Ақмола облысындағы Степногорск қаласында толассыз жауған жаңбырдан кейін орталық көшелерді су басты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Әлеуметтік желіде Степногорск қаласында түсірілген видеолар кеңінен тарап жатыр. Көліктер орталық көшемен жүре алмай, кері бұрылып жатыр. Тұрғындар жауын таңғы сағат 6.30-да басталып, әлі де басылмай тұрғанын айтады. Қаланың төменгі жағын толығымен су басты.
© SputnikСтепногорск қаласында су тасқыны болды
Степногорск қаласында су тасқыны болды - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.07.2022
Степногорск қаласында су тасқыны болды
Ресми мәліметке сәйкес, 3 шағын аудан судың астында қалды. Орталық базарды да су басты. Дүкеншілер оны өз күшімен шығарып жатыр. Жергілікті билік жауын-шашын нормадан көп түсті десе, қала тұрғындары жаңбыр суы ағып кететін канализация дұрыс істемейді дейді. Базар қызметкерлері қала әкімшілігіне бейнеүндеу жолдады.
"Неге нөсер канализациясы жұмыс істемейді? Адамдар шығынға батты. Оны кім өтейді? Базар құрылғалы бері мұндай жағдай болған емес", - дейді сатушылар.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің мамандары базар жақтағы канализацияда ақаулық жоқтығын айтты.
"Толассыз жауған жаңбырдың суы өткенде жол мен гүлзардан келген күл-қоқыстан бітеліп қалады. Қазіргі кезде канализацияны тазарту жұмыстары атқарылып жатыр. Сол жерде "ARB-СпецМонтаж" бен "Степногорск Су арнасының" қызметкерлері жұмыс істеп жатыр", - дейді мамандар.
Қала әкімдігі де жауын-шашынның тым көп түскенін мәлімдеді. Бір түннің ішінде бір айлық норма жауған. Соның салдарынан қала базары жанындағы канализация бітеліп қалған.
Ал жергілікті блогер су астында қалған ветеринарлық станцияны түсіріп алды. Аталған мекеме АХАЖ ғимаратының жертөлесінде орналасқан.
Жаңалықтар
0