Қапшағайда ер адам скутерін жоғалтып алып, бірнеше сағат суда болған

© РИА Новости / Медиабанкке өтуВодный мотоцикл
Водный мотоцикл - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.07.2022
Жазылу
ТАЛДЫҚОРҒАН, 29 шілде – Sputnik. Алматы облысында скутерінен айырылып қалып, бірнеше сағат суда болған ер адам құтқарылды, деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
28 шілде күні сағат 22.00-де облыстық төтенше жағдайлар департаментінің кезекші бөліміне Қапшағай су қоймасында демалып жүрген 1988 жылы туған ер адам сағат 19.00 шамасында скутермен жүзіп кетіп, қайтып оралмағаны туралы хабарлама келіп түскен.
Құтқарушылар оқиға орнына барып, ер адамды сағат 23.00 шамасында жағадан 800 метр қашықтықтан тапты. Оның үстінде құтқару кеудешесі болған.
Ер адам су скутерімен жағадан жүзіп кеткеннен кейін бензин таусылып қалған. Ер адам су көлігін өз бетінше жағаға сүйреп апармақ болған, бірақ әлі келмей, скутерден көз жазып қалған.
"34 жастағы ер адам жағаға шығарылды. Оған медициналық көмек қажет болмады. Қонаев жедел-құтқару жасағының қызметкерлері оған судағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді", - деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Семейде ер ада суға батып кете жаздады - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.05.2022
Семейлік полицейлер суға батып кете жаздаған ер адамды құтқарды
Жаңалықтар
0