https://sputnik.kz/20220729/piyaz-eki-ese-qymbattady-26415877.html
Пияз екі есе қымбаттады – министрлік себебін айтты
Пияз екі есе қымбаттады – министрлік себебін айтты
Sputnik Қазақстан
Қазақстаннан көрші нарыққа пияз экспортының көлемі артты 29.07.2022, Sputnik Қазақстан
2022-07-29T10:30+0500
2022-07-29T10:30+0500
2022-07-29T10:31+0500
министрлік
https://sputnik.kz/img/07e4/09/08/14910154_0:0:1280:721_1920x0_80_0_0_4caf0bd66e754bea3c9d5798148a1452.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 29 шілде – Sputnik. Сауда және интеграция министрлігі пияз бағасының көтерілу себебін жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Ресми мәліметке сәйкес, биыл елімізде пияз жақсы шыққан. Соған қарамастан, бағасы өте қымбат болып тұр. Жыл басынан бері пияз бағасы 109 процентке (2 есе) өсті. Бұл - соңғы 4 жылдағы ең жоғары өсім. Оған қоса, пияздың бағасы апта сайын орта есеппен 2-3%-ке өсіп келеді. Ал бақылаусыз экспорттың салдарынан ішкі нарықта пияз тапшылығы болуы мүмкін. Сол себепті ведомствоаралық комиссия талдау жасаған. Сол кезде фитосанитарлық рұқсат беру уақытша тоқтатылған болатын. 22 шілде ведомствоаралық комиссия пияз экспортына тыйым салудың қажеті жоқ деген шешімге келді. Өйткені арнайы жүргізілген талдау ішкі нарықта пияз тапшылығы қаупінің жоқтығын көрсетті. Бүгінгі таңда облыстар 34 мың тонна пиязбен қамтамасыз етілген. Бұл ай сайынғы тұтынудың 132 процентін құрайды. Осыған байланысты фитосанитариялық рұқсаттарды қайта беру шаралары басталуы тиіс", - деп атап көрсетті Өмірзақ.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/09/08/14910154_0:0:1268:951_1920x0_80_0_0_b1257a7b0ba3af4fe0ff927e0da40131.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
министрлік
Пияз екі есе қымбаттады – министрлік себебін айтты
10:30 29.07.2022 (жаңартылды: 10:31 29.07.2022) Қазақстаннан көрші нарыққа пияз экспортының көлемі артты
НҰР-СҰЛТАН, 29 шілде – Sputnik. Сауда және интеграция министрлігі пияз бағасының көтерілу себебін жариялады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан.
Ресми мәліметке сәйкес, биыл елімізде пияз жақсы шыққан. Соған қарамастан, бағасы өте қымбат болып тұр. Жыл басынан бері пияз бағасы 109 процентке (2 есе) өсті. Бұл - соңғы 4 жылдағы ең жоғары өсім. Оған қоса, пияздың бағасы апта сайын орта есеппен 2-3%-ке өсіп келеді.
"Республика бойынша пияздың орташа бағасы 191 теңге болса, Алматы облысында ең жоғары бағасы 308 теңге көлемінде тіркелді. Қазақстанның ішкі нарығында пияздың қымбаттауы көршілес нарықта пиязға сұраныстың артуы және экспорттық бағаның жоғары болуымен байланысты. Сондықтан Қазақстаннан көрші нарыққа пияз экспортының көлемі артты", - дейді министрліктің ресми өкілі Әлішер Өмірзақ.
Ал бақылаусыз экспорттың салдарынан ішкі нарықта пияз тапшылығы болуы мүмкін. Сол себепті ведомствоаралық комиссия талдау жасаған. Сол кезде фитосанитарлық рұқсат беру уақытша тоқтатылған болатын. 22 шілде ведомствоаралық комиссия пияз экспортына тыйым салудың қажеті жоқ деген шешімге келді. Өйткені арнайы жүргізілген талдау ішкі нарықта пияз тапшылығы қаупінің жоқтығын көрсетті.
Бүгінгі таңда облыстар 34 мың тонна пиязбен қамтамасыз етілген. Бұл ай сайынғы тұтынудың 132 процентін құрайды. Осыған байланысты фитосанитариялық рұқсаттарды қайта беру шаралары басталуы тиіс", - деп атап көрсетті Өмірзақ.