https://sputnik.kz/20220729/oralda-bes-zhasar-bala-suga-batyp-ketti-26420295.html
Оралда қараусыз қалған бес жасар бала суға батып кетті
Оралда қараусыз қалған бес жасар бала суға батып кетті
Sputnik Қазақстан
Қайғылы жағдай кезінде баланың ата-анасы жаздық кафеде отырған 29.07.2022, Sputnik Қазақстан
2022-07-29T13:31+0500
2022-07-29T13:31+0500
2022-07-29T13:43+0500
оқиға
орал
суға батты
https://sputnik.kz/img/07e4/07/15/14537673_0:257:2731:1793_1920x0_80_0_0_ab003cf57d7d4e8db4c243022ddbe2b4.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 29 шілде – Sputnik. Оралдағы демалыс орындарының бірінде бес жасар бала суға батып кетті, деп хабарлайды Мой город.Қайғылы жағдай кезінде баланың ата-анасы жаздық кафеде отырған.Оқиға 28 шілдеде Желаев карьерындағы Saya демалыс базасында болды. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, бала жағажайға ата-анасымен келген. Ақпаратқа сүйенсек, ұл бала үрленген шеңбермен суға түсіп жүрген. Сол уақытта ата-анасы жағадан 50 метр жерде орналасқан жаздық кафеде отырған. Біраз уақытитан кейін олар баланың жоқ екенін байқайды. 40 минуттық іздеу жұмыстарынан кейін құтқарушылар баланың денесін судан алып шықты."Қайғылы жағдай болған жағажай суға түсуге арнап жабдықталған. Жағажайда бақылау мұнарасы да бар. Алайда ол жағажайды толық бақылауға мүмкіндік бермейді. Балаларға арналған жағажай да қарастырылған. Сол күні жағада жеті құтқарушы жұмыс істеп жүрді. Демалыс базасына рейд жиі ұйымдастыралды. Соңғы рет төтенше жағдайлар қызметкерлері мұнда 24 шілдеде болды", - делінген ТЖД ақпартында.Жыл басынан бері облыстың су қоймаларында 12 адам көз жұмды, оның бесеуі бала.
орал
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/07/15/14537673_0:0:2731:2048_1920x0_80_0_0_19d9e485edb77394e5b71a2f3bb33670.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
орал, суға батты
Оралда қараусыз қалған бес жасар бала суға батып кетті
13:31 29.07.2022 (жаңартылды: 13:43 29.07.2022) Қайғылы жағдай кезінде баланың ата-анасы жаздық кафеде отырған
НҰР-СҰЛТАН, 29 шілде – Sputnik. Оралдағы демалыс орындарының бірінде бес жасар бала суға батып кетті, деп хабарлайды
Мой город. Қайғылы жағдай кезінде баланың ата-анасы жаздық кафеде отырған.
Оқиға 28 шілдеде Желаев карьерындағы Saya демалыс базасында болды. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, бала жағажайға ата-анасымен келген.
Ақпаратқа сүйенсек, ұл бала үрленген шеңбермен суға түсіп жүрген. Сол уақытта ата-анасы жағадан 50 метр жерде орналасқан жаздық кафеде отырған. Біраз уақытитан кейін олар баланың жоқ екенін байқайды. 40 минуттық іздеу жұмыстарынан кейін құтқарушылар баланың денесін судан алып шықты.
"Қайғылы жағдай болған жағажай суға түсуге арнап жабдықталған. Жағажайда бақылау мұнарасы да бар. Алайда ол жағажайды толық бақылауға мүмкіндік бермейді. Балаларға арналған жағажай да қарастырылған. Сол күні жағада жеті құтқарушы жұмыс істеп жүрді. Демалыс базасына рейд жиі ұйымдастыралды. Соңғы рет төтенше жағдайлар қызметкерлері мұнда 24 шілдеде болды", - делінген ТЖД ақпартында.
Жыл басынан бері облыстың су қоймаларында 12 адам көз жұмды, оның бесеуі бала.