Денис Теннің сценарийі бойынша түсірілген фильм кинотеатрда көрсетіле бастады

© Sputnik / Владимир Песня / Медиабанкке өтуДенис Тен
Денис Тен - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.07.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 29 шілде – Sputnik. Танымал мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің сценарийі бойынша түсірілген "Соқыр махаббат" фильмі кинотеатрда көрсетіле бастады, деп хабарлады Almaty.tv.
Қайғылы оқиғадан бір ай бұрын, 2018 жылдың маусымында Денис Тен фильм сценарийін Screenlife Contest байқауына жолдаған және финалға өткен.
Фильм түсірілімі спортшының қазасынан кейін 2019 жылы басталған. Оған Венеция кинофестивалінің жеңімпазы Чак Че режиссерлік етсе, танымал режиссер Тимур Бекмамбетов пен Денистің анасы Оксана Тен бас продюсер болды.
Фильмнің жалпы ұзақтығы – 33 минут, түсірілім тобы Денистің бастапқы сценарийін барынша өзгертпеуге тырысқан.
Бұл туындының қалай түсірілгені туралы Қанат Бейсекеевтің "Фильм туралы фильмі" қоса көрсетіледі. Деректі фильмде Денистің ағылшын тілінде жазған өлең шумақтары, әндері кинокартинада көрсетілетіні айтылған.
Жаңалықтар
0