Өңірлер

Алматыда тағы бір тұрғын үй кешені сүріледі

© Photo : СС0 / Capri23autoҚұрылыс краны
Құрылыс краны - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.07.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 29 шілде – Sputnik. Сот Наурызбай ауданында салынып жатқан "Qadam" тұрғын үй кешенін сүріп тастауға шешім шығарды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ресми мәліметке сәйкес, Алматы қаласының қала құрылысын бақылау басқармасы нысанды тексеріп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында бірқатар заң бұзушылықтарды анықтады.

"Төрт қабатты көппәтерлі тұрғын үйдің құрылысы рұқсат құжатынсыз басталған. Тексеру нәтижелері бойынша "Qadam ТК" ЖШС-не қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылып, кейіннен заңсыз салынып жатқан нысанды бұзу туралы талап арыз жазылды", - делінген ресми хабарламада.

Ал сот заңсыз салынған нысанды бұзу туралы талап қанағаттандырды. Қазір мамандар сот шешімінің заңды күшіне енуін күтіп отыр.
Осы орайда әкімдік жылжымайтын мүлікті сатып алудан бұрын салынып жатқан үй туралы ақпаратты тексеруге кеңес беріп отыр. Ол үшін жедел желі бар: +7 (727) 229-81-36. Сол жерде құрылысқа қажетті құжаттардың бар-жоғын білуге болады.
Айта кетері, бұған дейін Алматыда "Жайсан" кешені мен элиталық "Pine Hills" тұрғын үй кешенін сүріп тастауға шешім шығарылған болатын.
Жаңалықтар
0