https://sputnik.kz/20220729/almaty-urlyq-video-26414867.html
Алматыда жас келіншек кішкентай баласымен бірге ұрлық жасаған – видео
Алматыда жас келіншек кішкентай баласымен бірге ұрлық жасаған – видео
Sputnik Қазақстан
Қалалық полиция департаменті бейнебақылау камераларына жазылған видеоны жариялады 29.07.2022, Sputnik Қазақстан
2022-07-29T09:43+0500
2022-07-29T09:43+0500
2022-07-29T09:45+0500
алматы
ұрлық
https://sputnik.kz/img/old/657/39/6573911_0:40:600:378_1920x0_80_0_0_3a9472d6b6eff4f6a63cb54c68533206.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 29 шілде – Sputnik. Алматы қаласында қызымен бірге балалар арбасын ұрлап жүрген жас келіншек ұсталды, деп хабарлайды Polisia.Қалалық полиция департаменті бейнебақылау камераларына жазылған видеоны жариялады. Онда хиджаб киген жас келіншек қызымен бірге лифтке кіріп келеді. Баласы да орамал таққан. Келесі кадрда жалғыз өзі балалардың арбасын иығына асып, шығып барады. Полиция арба ұрлап жүрген келіншекті ұстады. Ол Жамбыл облысының 25 жастағы тұрғыны болып шықты. Алматыда бірнеше рет қылмыс жасаған. Ол тұрғын үйлердің кіреберісінде тұрған балалар арбасы мен сәбилерге арналған велосипедтерді ұрлағаны үшін айыпталып отыр. "Ол әйел бейнебақылау камераларынан, сондай-ақ, көзінше бірнеше рет қылмыс жасаған кішкентай қызынан да ұялмады. Қазір А.есімді азаматшаның бөтеннің мүлкін ұрлаудың 8 дерегіне қатысы бар екендігі дәлелденді. Мүмкін эпизодтардың тізімі мұнымен бітпеді. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда", - дейді полицейлер. Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 188-бабы, 2-бөлігі (Ұрлық, бірнеше рет жасалған әрекет) бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.Осы қылмыс үшін 3 000 айлық есептiк көрсеткiшке (9 540 000 теңге) дейiнгi мөлшерде айыппұл не сол мөлшерде түзеу жұмыстары немесе 1 200 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстар,я болмаса, бес жылға дейiнгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Кінәлі адамның мүлкі тәркіленеді.
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/657/39/6573911_22:0:578:417_1920x0_80_0_0_0b3da6448591e4fac09d4f0cd4cae385.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы, ұрлық
Алматыда жас келіншек кішкентай баласымен бірге ұрлық жасаған – видео
09:43 29.07.2022 (жаңартылды: 09:45 29.07.2022) Қалалық полиция департаменті бейнебақылау камераларына жазылған видеоны жариялады
НҰР-СҰЛТАН, 29 шілде – Sputnik. Алматы қаласында қызымен бірге балалар арбасын ұрлап жүрген жас келіншек ұсталды, деп хабарлайды Polisia.
Қалалық полиция департаменті бейнебақылау камераларына жазылған видеоны жариялады.
Онда хиджаб киген жас келіншек қызымен бірге лифтке кіріп келеді. Баласы да орамал таққан.
Келесі кадрда жалғыз өзі балалардың арбасын иығына асып, шығып барады.
Полиция арба ұрлап жүрген келіншекті ұстады. Ол Жамбыл облысының 25 жастағы тұрғыны болып шықты. Алматыда бірнеше рет қылмыс жасаған. Ол тұрғын үйлердің кіреберісінде тұрған балалар арбасы мен сәбилерге арналған велосипедтерді ұрлағаны үшін айыпталып отыр.
"Ол әйел бейнебақылау камераларынан, сондай-ақ, көзінше бірнеше рет қылмыс жасаған кішкентай қызынан да ұялмады. Қазір А.есімді азаматшаның бөтеннің мүлкін ұрлаудың 8 дерегіне қатысы бар екендігі дәлелденді. Мүмкін эпизодтардың тізімі мұнымен бітпеді. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда", - дейді полицейлер.
Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 188-бабы, 2-бөлігі (Ұрлық, бірнеше рет жасалған әрекет) бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.
Осы қылмыс үшін 3 000 айлық есептiк көрсеткiшке (9 540 000 теңге) дейiнгi мөлшерде айыппұл не сол мөлшерде түзеу жұмыстары немесе 1 200 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстар,я болмаса, бес жылға дейiнгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Кінәлі адамның мүлкі тәркіленеді.