https://sputnik.kz/20220728/zhetim-balalar-aqshasyn-urlagan-direktor-26392546.html
ШҚО-да жетім балалардың ақшасын ұрлаған директор сотталды
ШҚО-да жетім балалардың ақшасын ұрлаған директор сотталды
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 28 шілде – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысында жетім балаларға арналған мектеп-интернатының директорына қатысты сот үкімі шықты. Мекеме басшысы 12... 28.07.2022, Sputnik Қазақстан
2022-07-28T09:14+0500
2022-07-28T09:14+0500
2022-07-28T09:22+0500
жетім балалар
ақша
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0f/15744823_1:0:3000:1687_1920x0_80_0_0_6194a1b0efdb005e603a0a12252ea175.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 28 шілде – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысында жетім балаларға арналған мектеп-интернатының директорына қатысты сот үкімі шықты. Мекеме басшысы 12 миллион теңгенің бюджет қаражатын ұрлағаны үшін айыпталып отыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қаржы мониторингі агенттігіне сілтеме жасап. Тергеу материалдарына сәйкес, Базарханова 2013 – 2019 жылдар аралығында емдік дене шынықтыруға бөлінген ақшаны жымқырған. Мектеп директоры өзіне оқу сағаттарын жазып, ақы алып отырған. Бірақ, шын мәнінде, ешқандай сабақ өткізген жоқ. Ал балалар ем алу құқығынан айырылды. Бұдан бөлек, Базарханова интернат қызметкерлеріне "қосымша жұмыс істегені" үшін ақша аударып отырған. Жұмысшылар болса, картаға түскен ақшаны алып, мектеп директорына қайтарып жүрген. Қосымша жұмыс ешкім істемеген.Интернат директоры онымен шектелмеген. Танысынан қарызға ақша алып, артынан оны қайтару мақсатында жұбайын жұмысқа алған. Осылайша, 729 мың теңге "еңбекақы" төлепті. Ал, шын мәнінде, бюджет қаражатын талан-таражға салып, соның есебінен қарызын жапқан. Базарханованың ісі облыстық соттың қылмыстық істер бойынша сот алқасында қаралды. Ол өз кінәсін мойындап, шығынды толықтай қайтарды. Сот алқасы жасөспірім баласының бар екенін ескере отырып, экс-директорды 4 жыл бас бостандығынан айыруға шешім шығарды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0f/15744823_376:0:2625:1687_1920x0_80_0_0_41ac3faec17649d0bf9a072c566bc746.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жетім балалар, ақша
ШҚО-да жетім балалардың ақшасын ұрлаған директор сотталды
09:14 28.07.2022 (жаңартылды: 09:22 28.07.2022) НҰР-СҰЛТАН, 28 шілде – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысында жетім балаларға арналған мектеп-интернатының директорына қатысты сот үкімі шықты. Мекеме басшысы 12 миллион теңгенің бюджет қаражатын ұрлағаны үшін айыпталып отыр, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан қаржы мониторингі агенттігіне сілтеме жасап.
Тергеу материалдарына сәйкес, Базарханова 2013 – 2019 жылдар аралығында емдік дене шынықтыруға бөлінген ақшаны жымқырған. Мектеп директоры өзіне оқу сағаттарын жазып, ақы алып отырған. Бірақ, шын мәнінде, ешқандай сабақ өткізген жоқ. Ал балалар ем алу құқығынан айырылды.
Бұдан бөлек, Базарханова интернат қызметкерлеріне "қосымша жұмыс істегені" үшін ақша аударып отырған. Жұмысшылар болса, картаға түскен ақшаны алып, мектеп директорына қайтарып жүрген. Қосымша жұмыс ешкім істемеген.
Интернат директоры онымен шектелмеген. Танысынан қарызға ақша алып, артынан оны қайтару мақсатында жұбайын жұмысқа алған. Осылайша, 729 мың теңге "еңбекақы" төлепті. Ал, шын мәнінде, бюджет қаражатын талан-таражға салып, соның есебінен қарызын жапқан.
Базарханованың ісі облыстық соттың қылмыстық істер бойынша сот алқасында қаралды. Ол өз кінәсін мойындап, шығынды толықтай қайтарды. Сот алқасы жасөспірім баласының бар екенін ескере отырып, экс-директорды 4 жыл бас бостандығынан айыруға шешім шығарды.