Қоғам

Солтүстік Қазақстанда қаржы пирамидасы анықталды

© Sputnik / Абзал КалиевҚаржы пирамидасы
Қаржы пирамидасы - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.07.2022
Жазылу
Үш жәбірленуші 4 млн теңгесінен айырылған
НҰР-СҰЛТАН, 28 шілде – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысында HERMES LTD қаржы пирамидасы жұмыс істегені анықталды.
Қаржы мониторингі агенттігінің ақпаратынша, ұйымдастырушылар 2019-2022 жылдар аралығында HERMES LTD жобаларына жарна құю арқылы халықтан ақша тартқан. Қаржы пирамидасы қатысушыларды басқалардың жарнасы есебінен байыту негізінде жұмыс істеген.
"Қылмыстық іс бойынша үш адам жәбірленуші деп танылды. Оларға жалпы сомасы 4 миллион теңге шығын келген. Қазір тергеу жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.
ҚМА қаржы пирамидасынан зардап шеккен азаматтардан агенттіктің сенім телефонына немесе аумақтық қаржы мониторингі органдарына хабарласуды сұрады.
Жаңалықтар
0