https://sputnik.kz/20220728/sheteldik-investorlar-qazaqstan-kartop-26405668.html
Шетелдік инвесторлар Қазақстанда картоп өсіру мен өңдеуге қызығушылық танытып отыр
Шетелдік инвесторлар Қазақстанда картоп өсіру мен өңдеуге қызығушылық танытып отыр
Sputnik Қазақстан
"Farm Frites" компаниясының өкілдері бес жылдан астам уақыт бойы Қазақстанның бірқатар өңірінде картоп пен картоп тұқымын тәжірибе ретінде отырғызып келеді 28.07.2022, Sputnik Қазақстан
2022-07-28T16:26+0500
2022-07-28T16:26+0500
2022-07-28T16:26+0500
экономика
ауыл шаруашылығы
картоп
шетелдік инвесторлар
https://sputnik.kz/img/07e6/07/1c/26405454_0:90:960:630_1920x0_80_0_0_ce58856b2d534465ecba388706e49cc7.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 28 шілде – Sputnik. Жетісу облысында фри картобын өндіретін жаңа кәсіпорын салу мүмкіндігі қарастырылып жатыр. Бүгін ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Әбілхайыр Тамабектің өңірге сапары барысында инвесторлармен және әкімдіктердің өкілдерімен әріптестік мәселелері талқыланды.Картоп өсіруге маманданған ірі шаруа қожалықтарының өкілдерімен кездесуден кейін Әбілхайыр Тамабек нидерландық компанияның өкілдерімен бірге индустриялық аймақта инфрақұрылымы дайын және жаңа азық-түлік өндірісі салынуы мүмкін индустриялық аймақтағы учаскені қарап шықты.Сонымен қатар, инвестициялар туралы келісім жасасу мүмкіндігі қарастырылуда, онда барлық тараптардың әлеуметтік-экономикалық міндеттемелері реттеледі және "Farm Frites" компаниясының біріктірілген фри картоп зауытын салу кезінде мемлекеттік қолдау шаралары нақты белгіленеді."Farm Frites" компаниясының өкілдері 5 жылдан астам уақыт бойы Қазақстанның бірқатар өңірінде картоп пен картоп тұқымын тәжірибе ретінде отырғызып келеді. Олар жоғары сападағы және зауыттың қажеттіліктері үшін қажетті көлемдегі картопты жеткізуді, сондай-ақ жергілікті фермерлерді оқытуды көздеп отыр.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/07/1c/26405454_0:0:960:720_1920x0_80_0_0_d681e66960c16e3a27994a61abf413bf.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ауыл шаруашылығы, картоп, шетелдік инвесторлар
ауыл шаруашылығы, картоп, шетелдік инвесторлар
Шетелдік инвесторлар Қазақстанда картоп өсіру мен өңдеуге қызығушылық танытып отыр
"Farm Frites" компаниясының өкілдері бес жылдан астам уақыт бойы Қазақстанның бірқатар өңірінде картоп пен картоп тұқымын тәжірибе ретінде отырғызып келеді
НҰР-СҰЛТАН, 28 шілде – Sputnik. Жетісу облысында фри картобын өндіретін жаңа кәсіпорын салу мүмкіндігі қарастырылып жатыр. Бүгін ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Әбілхайыр Тамабектің өңірге сапары барысында инвесторлармен және әкімдіктердің өкілдерімен әріптестік мәселелері талқыланды.
Картоп өсіруге маманданған ірі шаруа қожалықтарының өкілдерімен кездесуден кейін Әбілхайыр Тамабек нидерландық компанияның өкілдерімен бірге индустриялық аймақта инфрақұрылымы дайын және жаңа азық-түлік өндірісі салынуы мүмкін индустриялық аймақтағы учаскені қарап шықты.
"Жоба жүзеге сәтті асырылатын болса, өңірге көп өндірушілер қажет болады. Осыған орай 10 000 гектар алқапта картоп өсіру бойынша фермерлік шаруашылықтың қосымша жобасын іске асыру жоспарланып отыр", - делінген министрлік хабарламасында.
Сонымен қатар, инвестициялар туралы келісім жасасу мүмкіндігі қарастырылуда, онда барлық тараптардың әлеуметтік-экономикалық міндеттемелері реттеледі және "Farm Frites" компаниясының біріктірілген фри картоп зауытын салу кезінде мемлекеттік қолдау шаралары нақты белгіленеді.
"Farm Frites" компаниясының өкілдері 5 жылдан астам уақыт бойы Қазақстанның бірқатар өңірінде картоп пен картоп тұқымын тәжірибе ретінде отырғызып келеді.
Олар жоғары сападағы және зауыттың қажеттіліктері үшін қажетті көлемдегі картопты жеткізуді, сондай-ақ жергілікті фермерлерді оқытуды көздеп отыр.