Ресей газбен Еуропаны қысып отыр ма?

© Sputnik / Иван Руднев / Медиабанкке өтуГазокомпрессорная станция, архивное фото
Газокомпрессорная станция, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.07.2022
Жазылу
Еуропаның газ биржасында тағы дүрбелең басталды. Күні кеше TTF-та табиғи газдың мың текше метрі 2 100 доллар болды. Иә, бұл рекордтық көрсеткіш емес, бірақ одан кез келген мемлекеттік бюджетке салмақ түсетіні белгілі. Ал кешке қарай газдың бағасы бірден 2500 долларға шарықтап кетті. Содан Батыс елдері Ресейді тағы айыптауға кірісті. Ол газды қару ретінде пайдаланып жатыр екен, деп жазды РИА Новости.
Негізі, көгілдір отынның кенеттен қымбаттап кеткеніне "Газпромның" мәлімдемесі әсер еткен. Оны ашық айтуымыз керек. "Солтүстік ағынмен" өтетін газдың көлемі құбырдың жобалық қуаттылығынан 20 процентке дейін төмендеп кетті. Негізгі себебі де белгілі. Газ айдайтын кезекті агрегатты техникалық қызмет көрсетуге шығарып қойды. Ал құбырдың бойында Германияға дейін компрессорлық станция жоқ. Содан бергі жақтағы компрессорды тоқтатқанда газдың көлемі күрт азаяды. Осы жолы тәулігіне 164 миллион текше метрден 30-ға дейін түсіп кетті. Ал бұған дейінгі трагикомедияны олар ұмытқан сияқты.
Өткен айда бәріміз бірінші турбинаның қызықты оқиғаларына куә болдық. Ресейдің техникалық қадағалау қызметі оны жөндеуге кеңес берген. Siemens Energy компаниясы толығымен келісіп, турбинаның демонтажын жасады. Сосын Канадаға жөндеуге жіберіпті. Ал Оттава Вашингтонның табалы бойынша ол агрегатқа тыйым салып, шығармай қойды. Оны да Ресейге қарсы санкциялық саясатпен түсіндірді. Сөйтіп, өздері Германияны, жалпы, Еуропаны тығырыққа тіреп, газ мәселесін ушықтырып жіберді. Артынан Берлин бірнеше рет келіссөздер жүргізіп, ол турбинаны әрең дегенде алдыртты. Алайда агрегат "Портовая" компрессорлық станциясына жетпеді, саяси шиеленістің шырмауынан шыға алмаған сияқты.
Ал Германия тағы Ресейді кінәлап, кедендік рәсімдерді әдейі созып жатыр деп шықты. "Газпром" болса, нақты жауабын айтты. Компания агрегаттың қазіргі мәртебесі түсінбей отыр. Алдағы уақытта газ құбырына қызмет көрсету кезінде тағы қандай шектеулер болуы мүмкін? Siemens басқа турбиналарды жөндеуге апарса, қайтадан әрбір агрегат үшін талас-тартысқа түсуге тура келе ме? Оған уақыт та, күш те көп кетеді. Ал техникалық сараптаманың талаптарына сәйкес, алдағы бірнеше айдың ішінде қалған газ айдайтын агрегаттарды жөндеу керек. Оны неміс жағы да растап отыр. Осы орайда "Газпромға" көгілдір отынды өндіру және айдау көлемін біліп отыру керек. Нақты жоспар да жасалады. Себебі табиғи газ көмір емес, оны портта жинап қойып, экспортқа рұқсатты күтіп отыра алмайсың. Газ алдын ала келісілген көлемде өндіріледі және қажетті жерге жеткізіледі. Жоспардан тыс кедергілер болмауы керек.
Еуропалық одақ "ары тартсаң, арбаның сынатынын, бері тартса, өгіздің өлетінін" жақсы біледі. Содан энергия көздерін тұтынуды барынша қысқартуға тырысып келеді.
Маусым айында Еуропалық комиссия газ тұтынуды 15 процентке төмендетуге үндеді. Ресми мәліметке сәйкес, одақ елдеріне жылына 396,6 миллиарда текше метр керек. Демек, еурошенеуніктерге тұтыну көлемі 60 миллиардқа қысқарту жолын табу қажет-ақ. Ондай газдың көлемін Германия ғана тұтынады. Сондықтан 15 проценттің өзі үлкен көрсеткіш, оны бірден қысқарта алмайсың. Содан болар, Европа кеңесі бір шешімге келе алмады. Бұны әрбір мемлекет жеке-дара шешуі керек деген ұйғарымға келді. Әйтпесе, Брюссельде отырған шенеуніктердің кесірінен халық жылусыз қалып, біраз өндірістер тоқтап қалуы бек мүмкін.
Негізі, қазіргі дағадарыстан шығатын жол бар. Ол - "Солтүстік ағын-2" газ құбырын іске қосу. Ол арқылы тасымалданатын 55 миллиард текше метрмен біраз мәселені шешуге болатын еді. Өкінішке қарай, саясат оған жол бермейтін сияқты. Жақында Брюссельде ГФР-дің вице-канцлері, экономика мен климатты қорғау істері жөніндегі министр Роберт Хабек екінші "ағын" іске қосылуы Еуропаның капитуляциясымен пара-пар деп мәлімдеді. Санкциялық саясат та нәтижесіз болады дейді. Бірақ ресейлік газды алмастыру жолы жоқ тәрізді.
Жаңалықтар
0