https://sputnik.kz/20220728/qazaqstan-komir-tyyym-26402137.html
Қазақстан көмірді әкетуге алты айға тыйым салмақ
Қазақстан көмірді әкетуге алты айға тыйым салмақ
Sputnik Қазақстан
Министрлік көмірге сұраныс жоғары кезеңде халық арасында дүрлігуге жол бермеу үшін осындай шара қабылдауды көздеп отыр 28.07.2022, Sputnik Қазақстан
2022-07-28T15:06+0500
2022-07-28T15:06+0500
2022-07-28T15:06+0500
қоғам
көмір
тыйым
https://sputnik.kz/img/1112/38/11123852_0:240:1280:960_1920x0_80_0_0_fd69d6f93b3be72689454a422155c8c1.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 28 шілде – Sputnik. Қазақстан автокөлікпен көмір әкетуге жарты жылға тыйым салуды жоспарлап отыр. "Ашық НҚА" порталында индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі бұйрығының тиісті жобасы жарияланды.Индустрия министрлігі түсіндіргендей, былтыр қыркүйекте күннің ерте суытуына байланысты елдің орталық және солтүстік өңірлерінде көмірге сұраныс күрт өсті. Кейбір алыпсатарлар осы жағдайды пайдаланып, көмірді тым қымбатқа сатқан, яғни өздері бір тоннасын 13 мың теңгеден сатып алып, халыққа 30 мың теңгеден сатқан.Сондай-ақ 2021 жылы 123 мың тонна қазақстандық көмір Қырғызстанға әкетілді."Халық арасында дүрлігуге жол бермеу үшін және энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі сұраныс көп кезеңде, яғни 2022 жылғы 1 тамыздан бастап 6 айға көмірді автомобильмен әкетуге тыйым салуды орынды деп санайды", - деп түсіндірді ведомство.Қазақстанда көмір тұтыну көлемі шамамен 9,6 млн тоннаны құрайды, оның ішінде коммуналдық-тұрмыстық секторға – 2,6 млн тонна, халыққа – 7 млн тонна.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1112/38/11123852_0:0:1280:960_1920x0_80_0_0_3687080d9c1f87acd8f83006dc182212.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
көмір, тыйым
Қазақстан көмірді әкетуге алты айға тыйым салмақ
Министрлік көмірге сұраныс жоғары кезеңде халық арасында дүрлігуге жол бермеу үшін осындай шара қабылдауды көздеп отыр
НҰР-СҰЛТАН, 28 шілде – Sputnik. Қазақстан автокөлікпен көмір әкетуге жарты жылға тыйым салуды жоспарлап отыр.
"Ашық НҚА" порталында индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі бұйрығының тиісті жобасы жарияланды.
"Қазақстан Республикасының аумағынан тас көмір; тас көмірден алынған брикеттер, шекемтастар және қатты отынның ұқсас түрлерін алты ай мерзімге автокөлікпен әкетуге тыйым салынсын", - делінген құжатта.
Индустрия министрлігі түсіндіргендей, былтыр қыркүйекте күннің ерте суытуына байланысты елдің орталық және солтүстік өңірлерінде көмірге сұраныс күрт өсті. Кейбір алыпсатарлар осы жағдайды пайдаланып, көмірді тым қымбатқа сатқан, яғни өздері бір тоннасын 13 мың теңгеден сатып алып, халыққа 30 мың теңгеден сатқан.
Сондай-ақ 2021 жылы 123 мың тонна қазақстандық көмір Қырғызстанға әкетілді.
"Халық арасында дүрлігуге жол бермеу үшін және энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі сұраныс көп кезеңде, яғни 2022 жылғы 1 тамыздан бастап 6 айға көмірді автомобильмен әкетуге тыйым салуды орынды деп санайды", - деп түсіндірді ведомство.
Қазақстанда көмір тұтыну көлемі шамамен 9,6 млн тоннаны құрайды, оның ішінде коммуналдық-тұрмыстық секторға – 2,6 млн тонна, халыққа – 7 млн тонна.