Қаңтар оқиғасы: заңсыз әрекет жасаған 717 адам сотталды

© AP Photo / Vladimir TretyakovАлматы
Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.07.2022
Жазылу
1 077 тұлғаға қатысты негізсіз қылмыстық қудалау тоқтатылды
НҰР-СҰЛТАН, 28 шілде – Sputnik. Қаңтар оқиғасында түрлі заңсыз әрекет жасаған 717 адам сотталды, деп хабарлайды Бас прокуратураның баспасөз қызметі.
Ведомство мәліметіне сүйенсек, жыл басынан бері прокурорлар қаңтар оқиғасының себептерін, террорлық шабуылдар мен жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырушылар мен белсенді қатысушыларды анықтауға жұмылдырылды.
"Бүгінгі күні осы оқиғаларды тергеу нәтижелері бойынша сотқа 474 қылмыстық іс жолданды. Жаппай тәртіпсіздікке қатысқан, ұрлық жасаған, қару сақтаған 717 адам сотталды", - делінген хабарламада.
Ақпаратқа сүйенсек, тергеу сатысындағы азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғауға ерекше назар аударылып отыр.
"Жыл басынан бері 1 077 тұлғаға қатысты негізсіз қылмыстық қудалау тоқтатылды. Қызметтік үй-жайлардан және уақытша ұстау изоляторларынан 512 адам босатылды. Прокурорлардың бастамасы бойынша 634 адамға қатысты сот үкімдері заңға сәйкестендірілді. Сондай-ақ, 130 сотталушыға тиісті жағдай жасалып, 15 күдікті ақталды", - деп хабарлады Бас прокуратура.
Жаңалықтар
0