Өңірлер

Петропавлдан мұнай шықты ма – желіде тараған видео жұртты таңғалдырды

От - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.07.2022
Жазылу
Видеода саяжай иесі ұңғымадан шыққан сұйықтықты жағып көрді, ол лап ете түсті
НҰР-СҰЛТАН, 28 шілде – Sputnik. Петропавл қаласындағы саяжайда ұңғымадан судың орнына мұнай өнімдеріне ұқсас сұйықтық шықты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Әлеуметтік желіде тараған видеода саяжай иесі темір ыдыспен ұңғымадан шыққан сұйықтықты жағып көрген. Сары түсті майлы сұйықтық бензин немесе "соляркаға"ұқсайды. От тигенде лап ете түскен.
"Ромашка" бау-бақша серіктестігінің басшысы Елена Юсипенконың айтуынша, видео үш күн бұрын түсірілген. Сол кезде бірден экологтар шақырылған.
"Терең ұңғымаларға мұнай өнімдері қалай түскенін анықтау қажет. Біздің жанымызда жанар-жағармай құю станциясы бар, мұнай құбыры де өтеді. Бәлкім, сол жерден ағып кеткен шығар", - дейді Юсипенко.
Қазіргі кезде саяжайларға жақын орналасқан жанар-жағармай құю станциясында тексеріс басталды. Иесі ешқандай ақау жоқ деп отыр. Ал экологтар судың сынамасын алып, құрамындағы мұнай өнімдерінің көлемін анықтауға кірісті. Мамандар бірден суда мұнай өнімдерінің бар екенін растады. Себебі түсінен де, иісінен де анық көрініп тұр. Сараптама кезінде нақты көлемі белгілі болады. Осыдан кейін құқыққорғау органдары өз жұмысын бастайды.
Әлеуметтік желі қолданушылары осы оқиғаға қатысты түрлі әзіл жазып жатыр. "Енді, саябақшылар мұнай магнаты болады", - дейтіндер де бар.
Бірақ саяжай тұрғындары күлетін жағдайда емес. Олар биылғы өнімнен айырылып қаламыз деп алаңдайды. Себебі су жоқ, ал жерге мұнай өнімдері сіңіп кеткен. Өрт шығу қаупі де бар.
Жаңалықтар
0